22.3 C
Shymkent
19 сентября, 2024
adilettv

«САЙРАМНЫҢ САН ҚЫРЛЫ ТУРИЗМІ»

Туризм елдің экономикалық дамуына, жаңа жұмыс орындарын құруға, әлемдік аренада оң имиджді қалыптастыруға ықпал етеді.ҚР Оқу-ағарту министрілігі Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы «Жаз қызығы — көңілді» демалыс жазғы демалыс уақытындағы іс-шаралар жоспарына сәйкес «Сайрамның сан қырлы туризмі» тақырыбында көшпелі семинар өтті. Ондағы негізгі мақсат жастардың дүниетанымын, қоғамға, туған жерге деген көзқарасын қалыптастыруға негіз болу.
Аталған шараны Түркістан облысы білім басқармасы облыстық жас туристер кмм директоры Сәуле Өмірсерікқызы ашып беріп ыстық лебізін білдірді.Айтуынша, бүгінгі күнде бұндай маңызды шаралардың арқасында Түркістан облысында туризмге қызығушылық танытқан жастар саны күннен күнге артып келеді.

Айта кету керек бүгінде «Облыстық жас туристер станциясы» КММ қарасты Сайрам аудандық бөлімінің қызметкерлері мен үйірмешілері жас туристермен жақсы жұмыс жасап түрлі байқаулардан үздік нәтиже көрсетіп келуде. Туризм саласының жылдан-жылға маңызы артып келе жатқандықтан 3 бағыт бойынша жұмыс жасауда.Олар: экология,өлкетану және спорттық туризм бағыты.

Аталған көпшелі семинар әрмен қарай концерттік бағдарламамен жалғасын тапты. Сондай-ақ ұлттық тағамдарымыз ұлықталып келушілерге бауырсақ және басқа тағамдарымыз үлестірілді.Кең ауқымда өткізілген семинарда бірдей киінген өнерпаздар көздің жауын алып, өнерлері көпшілікті тәнті етті.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ПОЛИЦЕЙЛЕР БІР МИЛЛИОН ТЕҢГЕДЕН АСАТЫН ЭЛЕКТРОНДЫ ТЕМЕКІ ТӘРКІЛЕДІ

AdiletTV

Мұғалімдер жеті жастағы оқушыны ата-анасына ескертпей гинекологқа апарған

Шымкентте «Бір ауыл – бір өнім» жобасының үздіктері анықталды

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз