22.3 C
Shymkent
19 сентября, 2024
Денсаулық

Ордабасы аудандық ауруханасының медициналық тарихы!

1964-1974 ж.ж. аралығы. «1958-1966» жылдары Темірлан аймақтық ауруханасының бас дәрігері қызметін Досов Мырзақали Досұлы басқарған. Бұл жылдардың ішінде 1964 жылы Бөген ауданы қайта құрылып, аудандық денсаулық сақтау медицина бірлестігі деп аталып ұйымдастырылған. Емдеу мекеме саны 35 болып, 5 аурухана, 385 төсек орынды, бір дәрігерлік емхана, 28 фельдшерлік акушерлік бекеттер медицина ұйымының көлемі кеңейтілген. 1965 жылы Шымкент Турлан экспедиясында дәрігерлік емхана ашылумен қатар жедел-жәрдем бекеті ұйымдастырылған, фельдшердің жұмысын Өтенов Әнуар атқарған.
Денсаулық сақтау медицина бірлестігі құрылған шақта 1969 жылы хирургиялық бейінді бөлімі ашылып, алғаш рет ауданда науқастарға наркоз беріліп, операциялық (ота жасау) залы жұмыс жасаған.
«1966-1971»жылдары Аудандық орталық аурухана бас дәрігері қызметін Оразалиев Тұрсын Оразаліұлы басқарған уақытта медицина ұйымының саны 52-ге жеткен. Ұйымдардың желісі: 1- аудандық аурухана,1-тубдиспансер,6- аймақтық аурухана, 4- дәрігерлік емхана, 38 фельдшерлік акушерлік бекет 2 фельдшерлік -сауықтыру пункт бар болған. Бейіндерге бөлінген тәуліктік стационар саны 585-ке жеткен. Және де Бөржар аймақтық ауруханасынан 35 төсек орын қосымша қосылған, туберкулез диспансері 100 төсек орынды, тағы фельдшерлік-акушерлік бекеттер ашылған.
«1970» жылы рентген кабинеті жаңадан ұйымдастырылып іске қосылады , саулелік диагностикамен фельдшер Өтенов Әнуар бірінші рет жұмыс атқарған.
«1971-1989» жылдары Аудандық орталық аурухананың бас дәрігер қызметін Әжиев Ерубай Әжіұлы басқарған.
«1972 жылы» Аурухана құрамындағы Шұбар елді мекенінен 35 төсек орынды аудандық тері-мерез диспансері, сонымен қатар 35 төсек орынды жұқпалы аурулар ауруханасы жаңадан іске қосылған.
«1972» жылы Дермене совхозының орталығынан 50 төсек орынды аурухана іске қосылған.
1974-1994 ж.ж. аралығы.
«1974» жылы Шұбар дәрігерлік емханаға қарасты Аққойлы медициналық бекетіне жаңа ғимарат пайдалануға берілген.
«1976» жылы Берген Исаханов совхозында Дәрігерлік емхана ашылған.
«1985-1986» жылдары Қайнар құс фабрикасынан, Задарья совхозынан дәрігерлік емханалалар жаңадан ашылып, Задарья дәрігерлік емханасында 35 төсек орынды аурухана тағы 8- фельдшерлік акушерлік бекеттер іске қосылып, емдеу мекемелерінің саны 64-ке артқан.
Ұйымдардың желісі: ауруханалар мен диспансерлерді қосқанда 830 төсек орынды тәуліктік стационар, 7 дәрігерлік емхана, 46 фельдшерлік акушерлік бекет, 2 фельдшерлік сауықтыру бекеті ашылған.
«1989 – 1991» жылдары бас дәрігері қызметін Халбаев Мырзалы Нұралыұлы басқарған.
«1991 – 1993» жылдары Аудандық орталық аурухана бас дәрігері қызметін Қалыбеков Жақып Түменұлы атқарды.
1994-2004 ж.ж. аралығы.
«1993-1998» жылдары Аудандық орталық аурухана бас дәрігері қызметін Есқараев Оразымбет атқарды.
«1998-2002» жылдары Аудандық орталық аурухана бас дәрігері қызметін Сағымбеков Болатхан Салыбекұлы басқарды.
Ұйымдардың желісі: аудандық аурухана-1, аймақтық аурухана -4, тубдиспансер-1, отбасылық емхана -8, фельдшерлік акушерлік бекет-20, фельдшерлік бекет-21, денсаулық бекеті -1, төсек саны 325 болып қызмет атқарды.
Дәрігерлер саны 101 болып қамтылған. Орта буын мамандар саны 467 қамтылған. Мына бейіндер арқылы бөлімдер жұмыс жасаған: терапиялық -75, хирургиялық -40, перзентхана -55, гинекология -20, жұқпалы аурулар бөлімі-20, тері-мерез бөлімі-20, педиатриялық -45 диспансер-50 төсек орынды болып 325 төсек орынмен қамтылған.
2004-2024 ж.ж. аралығы
«2002-2007» жылдары қайта ұйымдастыруға байланысты медицина бірлестігінің бас дәрігері Мусаева Рахима Арапқызы басқарған.
«2007-2015» жылдары медицина бірлестігінің бас дәрігері қызметін Сағымбеков Болатхан Салыбекұлы басқарды.
«2009» жылы кешенді түрде үміт оты жалт етіп тұтанып, жаңа типтік жаңа аурухана құрылысы жарақтандырылып қолданысқа берілген тұста сыртқы көрінісін көгалдандыру мен материалдық медициналық құрал –жабдықтармен аурухананың қамтамасыз етілуін және де ашылу салтанатын бас дәрігер Сағымбеков Болатхан Салыбекұлы ұйымдастырды.
«2009-2011» жылдары аудандық емхана бас дәрігері қызметін Жапаев Құрбан Қалиұлы басқарған.
«2015- 2017» жылдары аудандық орталық ауруханың бас дәрігері қызметін Мусаев Сейфулла Тлеубергенович басқарған.
«2018 -2022» жылдары аудандық орталық аурухана бас дәрігері қызметін Мырзагелдиев Бахытжан Мырзалыұлы басқарған.
«2018ж» модульді конструкция тәсілімен 8-медициналық бекет ғимараттары Қызыл –Сеңгір, Елшібек- батыр, Ақсары, Бейсен, Қалаш, Теспе, Кемер, Тың жаңадан салынып іске қосылған.
«2022» жылдан ШЖҚ МКК «Ордабасы аудандық орталық ауруханасы» бас дәрігері лауазымын Сағымбеков Болатхан Салыбекұлы басқаруда.
Қазіргі кездегі ұйымдардың желісі: 51 бұны талдағанда; 1 аудандық орталық аурухана: 1 аудандық орталық емхана, 5 БМСК орталығы (Турткул, Бадам, Қараспан, Бөржар, Шұбар), 6 дәрігерлік амбулатория, 25 фельдшерлік-акушерлік бекет, 13 медициналық бекет, 285 төсек орындық стационар және 100 төсек-орынды күндізгі стационарлық медициналық көмек беруде.
Тұрғындарға бір ауысымда қуаттылығы 500 емделушіні қабылдауға мүмкіндігі жеткілікті емхана жұмыс жасайды.
2022 жылдың соңында Компьютерлік томография аппараты орнатылып, халыққа сапалы жаңа медициналық көмек түрі қызмет көрсете бастады.
Ордабасы аудандық орталық ауруханамызда жаңа заманауи аппараттар мен толықтырылып инновациялық медициналық көмекті жандандыру мақсатында, 2023 жылда бірнеше жаңа заманауи медициналық қондырғылар алынып, халық игілігіне пайдалануға берілді , атап өтетін болсақ:
1.Бронхоскопиялық аппарат-тыныс алу жүйесінде, әртүрлі өкпе патологияларын анықтау мақсатында қолданылатын арнайы әдіс болып табылады.
2.Жоғары эксперттік сыныбына жататын Ультрадыбыстық зерттеу аппараты (Samsung Madison HS40) жүтілік кезінде болуы ықтимал қауіпті белгілерді дер кезінде анықтайды.
3.Өкпені жасанды желдету аппараты (ИВЛ)- бүгінгі таңда тыныс алудың бұзылуын емдеудің белгілі қуатты әдісі және басқа да іс-шаралармен бірге адам ағзасының өмірлік функцияларын қалпына келтірудің маңызды тәсілі — бұл өкпені жасанды желдету құралы.
4. Италия мемлекетінің «Euroampli Alien Cardio» жылжымалы Ангиографиялық жүйесі жабдығы орнатылды.
5. Япония мемлекетінің «Canon Aplio a550» ультрадыбыстық аппараты орнатылып,тұрғындарға сапалы медициналық қызмет көрсетуде мол мүмкіндіктерге ие болып отыр.
2024 жылдың 1 ақпан айынан бастап Ангиографиялық орталық жұмысын жасайды. Ангиографиялық орталықта төмендегідей оталар жасалынды:
Бас миының тамырларына Селективті ангиография, ми тамырларына стент орнату, трепанациялық декомпрессия, жұлын ішілік дренаж орнату, коронарография , стентирование коронарных сосудов, ангиопластика коронарных артерии.
Жарақаттарға жасалынған оталардың түрлері:
Жамбас сүйегінің бұғатталған интрамедулярлық остеосинтезі (БИОС)
Жамбас сүйегінің бұғатталған интрамедулярлық остеосинтезі (БИОС)
Бұғатталған экстрамедулярлы бұғана остеосинтезі (БИОС)
Иық сүйегінің экстрамедулярлық бұғатталған остеосинтезі (БИОС)
Білек сүйегінің экстрамедулярлық бұғатталған остеосинтезі (БИОС)
Төменгі аяқ сүйектерінің экстрамедулярлық бұғатталған остеосинтезі (БИОС)
Пластина мен инені қолданатын басқа оталар
Гофманның сыртқы аппаратын пайдалану
Металл құрылымын жою
Сонымен қатар осы аудан ауруханасында Ангиографиялық орталықтың ашылуы арқылы ауыр инсультке, жарақатқа шалдыққан науқастар сапалы және жоғары деңгейдегі медициналық көмекті жақын жерден, уақытылы алып отыр. Бұрын осы диагноздармен науқастар облыс орталығына барып жүгінетін.
Сонымен қатыр медицина қызметкерлердің біліктілікті арттыру курстары, семинарлар, оқулар, жаттығулар үнемі өткізіліп, тәжірибесі толықтырылып отырады.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Түркістан облысы: Ордабасы аудандық ауруханасында АЭС бойынша жиын өтті.

AdiletTV

Қазақ жігіті Америкада компания ашып, оны 200 миллион долларға сатты

AdiletTV

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ ІС-САПАРМЕН КЕЛДІ

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз