33.4 C
Shymkent
11 июля, 2026
adilettv

ШЫМКЕНТТЕ ЖАРТЫ МИЛЛИОН ТЕҢГЕГЕ БӨТЕННІҢ МҮЛКІН ҰРЛАҒАН РЕЦИДИВИСТ ҰРЫ ҰСТАЛДЫ

Түрлі бағадағы ұялы телефондарды 40 жастағы ер адам мешіт келушілері мен сауда нүктелерінің сатушыларынан ұрлаған. Тағы бір дүкеннің жұмысшысының ақшасын да қолды еткен.
Қаскөйдің қылмыстық әрекеттерінен төрт азаматқа шығын келтірілді.
Жәбірленушілердің бірінің айтуынша, оның мешітте қуаттағышта тұрған смартфоны жоғалған. Басқа тұрғынның арызына сәйкес, сауда-ойын-сауық орталығының тұрағында тұрған велосипед те ұрланған.

Әл-Фараби ауданы полиция басқармасының жедел уәкілдері күдіктіні ЖБО-ның бейнебақылау камераларының көмегімен анықтап, ұстады.

Ер адам бұрын соңды ұқсас қылмыстар жасағаны үшін бірнеше рет сотты болған. Қазіргі таңда ол қамауда. Бөтеннің мүлкін бірнеше рет жасырын жымқырғаны үшін ол 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ЭКС-ЗАМГЛАВЫ ДКНБ МАНГИСТАУ ОСУДИЛИ НА 11 ЛЕТ ЗА ВЫМОГАТЕЛЬСТВО $500 000

AdiletTV

ЗАҢСЫЗ АЛКОГОЛЬ ӨНДІРЕТІН ЖАСЫРЫН ЦЕХ ӘШКЕРЕЛЕНДІ

AdiletTV

ШЫМКЕНТТЕ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІ ЖАҢАРЫП, ҚОЛЖЕТІМДІЛІК ПЕН САПА АРТЫП КЕЛЕДІ

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз