9.3 C
Shymkent
24 ноября, 2024
adilettv

AIU-да «Иран өркениеті, мәдениеті мен өнері» атты көрме, концерт өтті.

Аstana international university V Дүниежүзілік көшпенділер ойыны аясында Иран Ислам Республикасының Қазақстан Республикасы Елшілігінің мәдени өкілдігімен бірлесіп, «Иран өркениеті, мәдениеті мен өнері» атты көрме, концерт ұйымдастырды.
Іс-шараға Қазақстан Республикасындағы Иран Ислам Республикасы Елшілігінің өкілдіктері, оқытушылар мен студенттер қатысты.
Аstana international university вице-президенті Қайрат Абдрахманов арнайы сапарлап келген шетелдік қонақтарға AIU мен Қазақстанның жас астанасының қалыптасу тарихы, университеттің ерекшеліктері мен мүмкіндіктері туралы айтып, білім, ғылым және мәдениет саласындағы өзара тиімді ынтымақтастыққа есік әрқашан ашық екендігін білдірді.
«Сіздерді Астана халықаралық университеті қабырғасында қарсы алып отырғаныма қуаныштымын, — деп бастады сөзін вице-президент.
-Бүгінгі шара білім мен мәдени дәстүрлер алмасу үшін тамаша алаң болатынына сенімдіміз және бүгінгі сапарларыңыз үшін алғыс айтамыз. Сондай-ақ бүгінгі көрме мен концерт ғалымдарымызға, студент-жастарымызға рухани ләззат сыйлайтынына және елдеріміз арасындағы тәжірибе алмасуды одан әрі дамытуға негіз болатынына сенімдімін», — деп атап өтті Аstana international university/AIU вице-президенті Қайрат Абдрахманов.

Өз кезегінде Иран Елшілігі мәдени өкілдігі басшысы Али Акбар Талеби Матин жылы лебізін білдіріп, университетпен қарым-қатынас жасауға және өзара әріптестік қатынастар жалғаса бертініне сенім білдірді.
-Иран Ислам Республикасы 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойынына толық құраммен қатысты. Елуден астам спортшылар алып келдік, олардан бөлек 8 адам әртүрлі мәдени бағытта қатысып отыр. Дүниежүзілік көшпенділер ойынына арнайы келіп отырған музыкалық топ өздерінің бағдарламасын дайындаған екен. Бағдарламасының атауы «Көш» деп аталады. Сол тақырыпта кілем тоқып келген. Бұл музыкалық топ ұйымдастырушылар көмегімен екі концертке шықты. Иран Елшілігінің мәдени өкілдігі де осы V Дүниежүзілік көшпенділер ойынына ерекше ықыласымен қатысып, бар күшін салды. Иранның мәдени өнерін тек көшпенділер ойынында ғана емес, Астананың түрлі ұйымдарына да көрсетуге тырыстық,-деп атап өтті Иран Елшілігі мәдени өкілдігі басшысы.
Жиналған қауым концерт, каллиграфия және қолжазба шеберлік сабақтарын көріп қана қойған жоқ, сонымен қатар Иран мәдениетінің бірегей элементтерін көрсетуді қамтитын бай бағдарламаны тамашалады.

Шара аясында бейнелеу өнері бойынша шеберлік сыныптары мен миниатюралар және бейнелеу өнері туындыларының көрмесі ұйымдастырылды.
Мина МОХТАРИАН, парсы миниатюрасы шебері, университет оқытушысы:
-Қазақстан халқына сәлемімді жолдай отырып, қазақ еліне келген сапарымды өте жақсы өтті деп есептеймін. Маған көшпенділер ойындарына арнайы дайындалған көрмелер, әсіресе қазақ халқының салт-дәстүрлері мен ұлттық киімдері ерекше әсер етті. Бұл менің Қазақстанға алғаш келуім және Астана маған қатты ұнады.
Айдар ХАМИТ, AIU әлеуметтанушы-ғалым:
-Бүгінгі концерт пен көрмеден керемет әсер алдым, нақтырақ айтсам, екі ел арасындағы байланыстың сәулелі сәтінің куәсі болдым. Бұл қазіргідей дүрбелең-дүние кезеңде өте-мөте қажет-ақ. Жастардың әлемдік жағдайда болсын, өңірлік, аймақтық деңгейде болсын, мәдени алмасуы өте маңызды. Халықтар бір-бірін өнерлерімен байытады, мәдениетімен алға озады. Қазіргі ақпарат алға шыққан заманда жастарға мәдени байланыстар өте керек еді, бүгінгі Иран Елшілігінің іс-шарасы соның орнын толтырды деп есептеймін.

Айгерім ИБРАЕВА,
AIU әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің деканы

Бөлісу

Related posts

В Алматы установили мемориальную доску, посвященную Еркинбаю Акимкулову

AdiletTV

Шымкент қаласы: жыл басынан бері ауыр және аса ауыр қылмыстар жасауға қатысы бар осындай 10-нан астам топ ұсталды

AdiletTV

ТАЗА ҚАЗАҚСТАН НАУҚАНЫ ЖАСЫЛ АЙМАҚ АТТЫ АПТАЛЫҒЫМЕН ЖАЛҒАСЫН ТАПТЫ

Leave a Comment