3.3 C
Shymkent
22 ноября, 2024
полиция

Шымкент қаласы: Еңбек адамы-Ішкі Істер саласында әке жолын жалғаған – Берік Айтуғанов.

Отбасы – адам баласының өсіп-өнер, қаз тұрып, қанат қағар ошақ қасы, алтын бесігі ғана емес, ол – шағын мемлекет. «Әке көрген оқ жанар, ана көрген тон пішер» демекші, Ішкі Істер саласында әке жолын жалғаған – Берік Оңғарұлы Айтуғанов, қазіргі таңда Шымкент қаласы Әл-Фараби аудандық Полиция басқармасында учаскелік полиция пунктінің жұмысын ұйымдастыруға жауапты учаскелік полиция инспекторы лауазымында қызмет атқарып келеді, оның жұбайы Динара Адилбековна Искакова, қазіргі таңда Шымкент қаласы Әл-Фараби аудандық Полиция басқармасында ювеналдық полиция бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторы лауазымында қызмет атқарып келеді, ерлі-зайыптылардың тұңғышы айдай сұлу үшем қыздар ал, кейінгісі егіз ұлдар. Жолдары бір арнада тоғысқан сақшылардың отбасы құрғанына 12 жыл болған.
Беріктің әкесі Оңғар Айтуғанов Мүслімұлы қызметіне адалдығын танытып, саналы ғұмырын Ішкі Істер саласына арнап, Шымкент қаласы Полиция Департаментінде 30 жылдан астам қызмет етіп, «майор» шенімен құрметті еңбек демалысына шыққан азамат.
«Бала күннен форма киген әкемді көріп, оның жолын қуып, полиция қызметкері болуды армандадым. Қазіргі таңда сол бала күнгі арманым орындалды.
Осындай жауапты да қиын қызметке келуіме әкем мен өзімнің қайсар мінезім себепкер болды. Жұмыстың оңайы жоқ. Жақсы көріп, қалаған мамандығым болғандықтан ыстығына күйіп, суығына тоңып аянбай еңбек етудемін. Себебі бұл сала табандылықты талап етеді» дейді, — Берік Оңғарұлы. Асқар тау әкенің әрбір сөзін жүрегінен өткізген ол бүгінгі таңда әкесінің атына кір келтірмеуге тырысып, өз ісіне, әрекетіне, қызметіне, халық алдындағы борышына үлкен жауапкершілікпен қарап келеді.

Бөлісу

Related posts

Шымкент қаласы: Еңбекші аудандық полиция басқармасы интернет-алаяқтардан сақ болуға шақырады.

AdiletTV

Шымкент қаласы: нашақорлық есірткінің алдын алу мақсатында мектеп оқушыларына түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

AdiletTV

Шымкент қаласы: ІІМ терроризм актісі туралы жалған хабарлама үшін жауапкершілік қарастырылатынын еске салды

AdiletTV

Leave a Comment