11.3 C
Shymkent
18 октября, 2024
полиция

Шымкент қаласы: нашақорлық есірткінің алдын алу мақсатында мектеп оқушыларына түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Шымкент қаласы Абай аудандық полиция басқармасының Ювинальдық полиция бөлімінің кызметкерлері полиция аға лейтенанты Т.Ш.Өмірәлі және Р.Сматілла Parasat AJ жекеменшік орта мектебінің оқушыларына құқықбұзушылық, зорлық-зомбылық, әлімжеттік жасау, буллинг, нашақорлық есірткінің алдын алу мақсатында түсіндірме жұмыстарын жүргізіп өтті. Сабақ барысында оқушыларға тәртіпті болуды, мектептің ішкі тәртіп ережесін сақтауды, кешкі мезгілдерде көшеде ата-анасыз жүруге болмайтынын сонымен қатар ойын-сауық орындарына бармауды айтып түсіндірді. Зиянды заттар темекі, электронды темекі, есірткі тағы сол сияқты заттардан аулақ болуды және олардың орнына спортпен айналысып, сабақтарын оқып, ата-анасына көмектесіп жүргендерінің дұрыс болатынын айтып, болашақтарына балта шаппауды түсіндіріп, қаншалықты зиян болатынын көрсетті. Сабақ соңында оқушылардың сұрақтарына жауап беріп, құқықтық сауаттарын ашыуға септігін тигізді.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Шымкент қаласы ПД ескертеді!

AdiletTV

Шымкент қаласы: полицейлер жастардың құқықтық білімін арттыруға және қылмыстарды алдын алуға бағытталған кездесу өткізді

AdiletTV

Шымкент қаласы: өткен жылы есірткімен байланысты жалпы 612 қылмыстық құқық бұзушылық анықталды.

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз