8.3 C
Shymkent
24 октября, 2026
adilettv

Шымкентте сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша жиын өтті

Қала әкімінің орынбасары С.Құранбектің төрағалығымен өткен жиынға қалалық Антикор, Прокуратура, Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің өкілдері, орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының басшылары мен қоғам белсенділері қатысты.

Кеңес барысында білім беру саласындағы бюджетті жоспарлау мен оны игерудегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері, сондай-ақ колледждерде гранттарды бөлу кезіндегі кемшіліктер қаралды.

Тәуекелдердің туындауына ықпал ететін негізгі факторлардың бірі — бюджеттік өтінімдерді қалыптастыру процестерін автоматтандырудың, бұзушылықтардың алдын алу тетіктерінің және бухгалтерлік есептің ақпараттық жүйелері мен мемлекеттік дерекқорлардың интеграциялық байланыстарының болмауы.

Аталған мәселелермен қатар, білім беру мекемелерінің жұмысында анықталған бұзушылықтар туралы Прокуратураның ұсынымы қаралды.

Жиын соңында қалалық Антикормен техникалық білім беру жүйесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу ұсынылды.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Крупные проекты, запланированные на 2025 год, привлекут в экономику новые инвестиции на миллиарды тенге и тысячи рабочих мест

Admin

ГЛАВА ГОСУДАРСТВА ПРИНЯЛ МИНИСТРА НАУКИ И ВЫСШЕГО ОБРАЗОВАНИЯ САЯСАТА НУРБЕКА

Admin

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ ТҰРАҚТЫ БАҚЫЛАУДА

Admin

Пікір қалдырыңыз