18.3 C
Shymkent
22 октября, 2026
adilettv Ақпарат Бизнес Жаңалықтар Қоғам Регион Саясат Түркістан Экономика Экономика

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ІРІ ИНВЕСТОРЛАРМЕН ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ КЕҢЕЙТУДЕ

IX Kazakhstan Global Investment Roundtable аясында Түркістан облысының әкімдігі үш инвестициялық жоба бойынша меморандумдарға қол қойды. Жобалар агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеуге және заманауи жылыжай инфрақұрылымын қалыптастыруға бағытталған.

Шымкент қаласында Премьер-министр Олжас Бектеновтің қатысуымен өткен IX Kazakhstan Global Investment Roundtable аясында Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров инвесторлармен бірқатар екіжақты кездесу өткізіп, өңірге инвестиция тарту жөніндегі жұмыстарды жалғастырды.
Іс-шара шеңберінде Түркістан облысының әкімдігі мен үш компания арасында инвестициялық жобаларды іске асыру жөніндегі ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылды.
Атап айтқанда, «AGRIMA GROUP» ЖШС-мен өсімдік майын өндіретін зауыт салу, «Shaanxi Silk Road City Holding Group Co., Ltd.» компаниясымен жылыжай кешенін құру, сондай-ақ «MIR AGRO KZ» ЖШС-мен көкөніс сақтау қоймасы мен жылыжай кешенін салу жөнінде келісімдер жасалды.
Өсімдік майын өндіретін зауыт Арыс қаласында салынып жатыр.
«AGRIMA GROUP» ЖШС жобасының жалпы құны 11 млрд теңгені құрайды. Кәсіпорын жылына 165 мың тонна шикізатты өңдеуге қауқарлы болады. Жобаны іске асыру нәтижесінде 150 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланған.
Қазіргі уақытта зауыт ғимаратының құрылысы жүргізіліп, жабдықтарды жеткізу және монтаждау жұмыстары атқарылуда. Жобаны 2026–2027 жылдары жүзеге асыру көзделген.
Түркістан облысында ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтау және заманауи жылыжай өндірісін дамыту бағытындағы жобалар да қолға алынбақ.
«MIR AGRO KZ» ЖШС-нің құрылтайшысы – Түркияның ауыл шаруашылығы саласында жұмыс істейтін Gorkem Tarim компаниясы. Түркиялық инвестор Жетісай ауданында сыйымдылығы 8 мың тонналық жеміс-көкөніс сақтау қоймасын салу жобасын жүзеге асыруда. Жобаның құны 2,2 млрд теңгені құрайды. Құрылыс жұмыстары 2026 жылғы маусымда басталған, нысанды жыл соңына дейін пайдалануға беру жоспарланған.
Сонымен қатар, компания 2027 жылы Жетісай ауданында 34 гектар аумақта өнеркәсіптік жылыжай кешенін салуды жоспарлап отыр. Жобаның болжамды инвестиция көлемі – 30 млн АҚШ доллары.
Бұл бастамалар ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтау, сұрыптау және қаптау мүмкіндіктерін кеңейтуге, сондай-ақ ішкі нарық пен экспортқа арналған сапалы өнім өндіруге бағытталған.
Ал «Shaanxi Silk Road City Holding Group Co., Ltd.» компаниясымен жасалған меморандум өңірде жылыжай кешенін құру жөніндегі ынтымақтастықты дамытуға негіз болады. Жобаның инвестициялық көлемі мен іске асыру мерзімдері қосымша келісімдер аясында нақтыланады.
Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің инвесторлармен кездесулері барысында өңірдің инвестициялық мүмкіндіктері, жаңа өндірістерді орналастыру және бірлескен жобаларды іске асыру мәселелері талқылануда. Кездесулерге Түркия, Қытай, Оңтүстік Корея, Франция, Аргентина, Израиль және басқа да елдердің бизнес өкілдері қатысуда.
Өңірде ауыл шаруашылығы, өңдеу өнеркәсібі, энергетика, фармацевтика және инфрақұрылым салаларында ынтымақтастық орнатуға басымдық берілуде. Инвесторлармен жүргізіліп жатқан жұмыстар жаңа өндірістік қуаттарды қалыптастыруға, жұмыс орындарын ашуға және Түркістан облысының экономикалық әлеуетін арттыруға бағытталған.
Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ҰҚК қызметкерлері Шымкентте терроризмді насихаттады деген күдіктіні ұстады

admin

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БАС ПРОКУРОРЫ БЕРІК АСЫЛОВ МАКАОҒА ЖҰМЫС САПАРЫМЕН БАРДЫ.

Admin

Олар маған және қызыма жала жапты — Бишімбаевтың бұрынғы әйелі мәлімдеме жасады

admin

Пікір қалдырыңыз