18.3 C
Shymkent
22 октября, 2026
adilettv Ақпарат Жаңалықтар Қоғам Регион Саясат Түркістан

ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУДА ИНФРАҚҰРЫЛЫМ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК САЛАДАҒЫ МӘСЕЛЕЛЕР КӨТЕРІЛДІ

Түркістан облысында өңір тұрғындарын жеке қабылдау бекітілген кестеге сәйкес тұрақты түрде жүргізіліп келеді. Кезекті жеке қабылдауды Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов өткізіп, өзі жетекшілік ететін салалар бойынша азаматтардың өтініштері мен шағымдарын тыңдады.

Қабылдауға тұрғындар Түркістан, Арыс қалалары мен Келес ауданынан 10-нан астам азамат өтініштерін арқалай келді.
Азаматтар бірқатар өзекті мәселелерді ортаға салды. Көпшілікті денсаулық сақтау саласы алаңдатты. Сонымен қатар тұрғын үй кезегі, кәсіпкерлік жүргізуге қолдау, жұмысқа орналасу және сапалы инфрақұрылыммен қамту мәселелері қозғалды.
Жеке қабылдауға келген азаматтардың ұсыныстары мен көтерген мәселелері мұқият тыңдалып, қолданыстағы заңнама аясында тиісті жауаптар берілді. Бірқатар мәселелер бойынша жауаптыларға нақты тапсырмалар берілді.
Жеке қабылдау барысында айтылған өтініштерді зерделеу және оларды шешу бағытында тиісті жұмыстар жүргізіледі.
Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Тоқаев Абай ауданының әкімін қабылдады

О ПРОВЕДЕНИИ АНТИТЕРРОРИСТИЧЕСКОГО УЧЕНИЯ В Г. ШЫМКЕНТ

Admin

ЖИТЕЛЯМ МИКРОРАЙОНА КОКСАЙ В ШЫМКЕНТЕ ВРУЧИЛИ КЛЮЧИ ОТ НОВЫХ КВАРТИР

Admin

Пікір қалдырыңыз