5.3 C
Shymkent
22 ноября, 2024
adilettv

МӘМС жарналарын бір жыл бұрын кім төлей алады?
Дербес тәуелсіз төлеушілер
Дербес төлеушілер деген кімдер?
Дербес төлеушілер қатарына ресми түрде жұмыс істемейтіндер, жеке кәсіпкер (ЖК) емес тұлғалар төлей алады
Бір жыл бұрын қанша төлеу керек?
Бір жыл ішіндегі МӘМС жарналарының сомасы 51000 теңгені құрайды, әр айға жеке 4250 теңгеден төлеу қажет
МӘМС жарналарын дербес төлеуші ретінде қалай төлеу керек?
Жарналарды кез келген банкте, АҚ «Қазпошта», төлем терминалдары немесе банктердің мобильді қосымшалары арқылы төлеуге болады
МӘМС-те сақтандыру мәртебесі қанша уақыттан кейін беріледі?
Егер барлық шарттар орындалса:
болашақ 12 ай төленген болса (ағымдағы айдан бастап)
барлық 12 төлем бір күнде төленсе
содан кейін сақтандыру мәртебесі 3 жұмыс күні ішінде беріледі
МӘМС ЖАРНАСЫН БІРНЕШЕ ЖОЛМЕН ТЕКСЕРУГЕ БОЛАДЫ:
— Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының сайты fms.kz (төменгі оң жақ бұрыштағы терезе);
— Электрондық үкімет сайты egov.kz (Жеке кабинетте және «денсаулық сақтау» бөлімінде);
— Telegram-дағы Saqtandyru-bot («Сақтандыру мәртебесін анықтау» негізгі мәзірінде);
— Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы («Сақтандыру мәртебесін анықтау» негізгі мәзірінде);
— Бірыңғай байланыс орталығы 1414;
— Damumed мобильді қосымшасы.
Мемлекет есебінен МӘМС жарнасы төленетіндер:
1) 18 жасқа дейінгі балалар;
2) Жұмыссыз ретінде ресми тіркелген тұлғалар;
3) Жұмыс істемейтін жүкті әйелдер;
4) Үш жасқа толмаған бала тәрбиесімен айналысатын жұмыс істемейтін тұлға;
5) Жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы асырап алуға байланысты, сондай-ақ бала үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты демалыстағы тұлға;
6) Мүгедек баланы күтіп-бағатын, жұмыс істемейтін адамдар;
7) Бірінші топтағы мүгедекке күтім жасайтын жұмыс істемейтін адам;
Зейнетақы төлемдерін алушылар, оның ішінде Ұлы Отан соғысының ардагерлері;
9) Қылмыстық-атқару жүйесінде сот үкімі бойынша жазасын өтеп жүрген адамдар;
10) Тергеу изоляторларындағы адамдар, сондай-ақ үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылған жұмыс істемейтін адамдар;
11) Жұмыс істемейтін қандастар;
12) «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған немесе бұрын «Батыр Ана» атағын алғандар; I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көпбалалы аналар;
13) Мүмкіндігі шектеулі жандар;
14) Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру, сондай-ақ жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысанында білім алатын тұлғалар;
15) Жұмыс істемейтін мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар;

Декреттегі жеке кәсіпкер әйел МӘМС-ке төлем жасау керек пе?
Қызметі ресми түрде тоқтатылмаған және жұмыс істеп тұрған жеке кәсібі бар декреттегі әйел жеңілдік санатына кірмейді. Сондықтан ол МӘМС-ке жарна төлейді.
Сондай-ақ оған декретте отырған кезде кәсіпкерлік қызметті ресми түрде жабуына немесе тоқтата тұруына болады. Бұл оған жеңілдік санатына кіріп, мемлекет есебінен сақтандырылуға мүмкіндік береді.

Студенттердің МӘМС жүйесіндегі мәртебесі қандай?
🧑‍🎓 Күндізгі оқу бөлімінде оқитын студенттер жеңілдік санатына кіреді және олар үшін МӘМС жарналарын мемлекет төлейді. Осылайша, олар МӘМС есебінен барлық медициналық көмек түрлерін тегiн алуға құқылы
Ал, шетелдік жоғары оқу орындарында оқитын студенттер тұрақты сақтандыру мәртебесін алу үшін egov.kz электрондық үкімет порталында студент ретінде тіркелуі қажет.
Ол үшін:
— egov.kz сайтына өтіп, жүйеге тіркеліңіз.
— «Қызметтер» бөлімінен «Шетелде оқитын студенттерді тіркеу» тармағын таңдаңыз
— Өтінішті толтырып, оған электрондық цифрлық қолтаңбамен немесе SMS құпия сөзімен қол қойыңыз
— Өтінім өңделгеннен кейін жеке кабинетіңізге хабарлама жіберіледі.
Тиісті орган деректерді тексергеннен кейін Сіздің мәртебеңіз «САҚТАНДЫРЫЛҒАН» болып өзгереді.
Осы жерде ескеретін жайт, шетелде оқитын студенттер сессия аяқталғанға дейін сақтандырылған мәртебесіне ие. Олар әр сессиядан кейін қайтадан egov.kz электрондық үкімет порталында тіркелуі тиіс.

Бөлісу

Related posts

город Шымкент: полицейские провели мероприятие по профилактике бытового насилия

AdiletTV

“АМАНАТ” ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ РЕФЕРЕНДУМДА ДАУЫС БЕРДІ

AdiletTV

Шымкенттік полицейлер мерекесі қарсаңында ішкі істер органдарының зейнеткерін құттықтады

AdiletTV

Leave a Comment