19.3 C
Shymkent
18 октября, 2024
Денсаулық

Түркістан облысы: Ордабасы аудандық ауруханасы-2024 МӘМС ТӨЛЕМІ ҚАНША ТЕҢГЕ ТӨЛЕНЕДІ?

МӘМС-ке қате немесе артық төленген аударымдар мен жарналарды қайтару
Қайтаруды рәсімдеу үшін «Азаматтарға арналған үкімет «мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-ға қағаз жеткізгіште артық есептелген сомаларды қайтару туралы өтініш беріледі. Мемлекеттік корпорацияның мекенжайын сайттан табуға болады gov4c.kz
Іс-қимыл тәртібі:
Дербес төлеуші өтініш берген кезде дұрыс төленбеген кезеңдер үшін түбіртектерді қоса отырып, үлгі бойынша өтінішті толтыру керек.
Өтінішті төлеуші-жұмыс беруші берген кезде оның пайдасына жарналар жүргізілген сомаларды қайтаруға қызметкердің келісімі туралы өтініш қосымша міндетті түрде қоса беріледі.
Қызметкерлер тізімінде қателіктер жіберілген жағдайда, жұмыс берушіге анықтама-растау қоса берілуі қажет.
Қайтарудан бас тартылуы мүмкін, егер:
1. Банктің деректемелері дұрыс көрсетілмеген.2. Өтініш ДСӘДМ-нің 2017 жылғы 30 маусымдағы № 478 бұйрығына 1-қосымшаның нысанына сәйкес келмейді.
3. Қайтарудың дұрыс емес себебі көрсетілген.
4. Толық емес құжаттар пакеті немесе құжаттар оқылмайды.
5. Ақшаны қайтаруға негіз жоқ.
6. Қолданыстағы ЖК өзі үшін жарналарды төледі және төлем жалғыз болып табылады;
7. ҚР аумағында уақытша болатын ЕАЭО елдерінен келген еңбекші көшіп келушінің жұмыс істемейтін отбасы мүшесі жарналарды дербес төледі және жалғыз төлем болып табылады.
МӘМС ЖҮЙЕСІНДЕГІ МӘРТЕБЕҢІЗДІ ҚАЛАЙ ТЕКСЕРУГЕ БОЛАДЫ?
Міндетті медициналық сақтандыру жүйесіндегі мәртебеңізді бірнеше жолмен тексеруге болады.
Egov.kz электрондық үкімет порталы
Ол үшін «Денсаулық сақтау» бөлімінде «Медициналық қызметтерді тұтынушы ретінде қатысу туралы және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде аударылған аударымдар және (немесе) жарналар сомасы туралы ақпарат беру» қызметін табу, «Қызметке тапсырыс беру» батырмасын басу, ЖСН-ді көрсету қажет. Нәтижесі 10 минут ішінде дайын болады.
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының fms.kz. ресми сайты
«Мәртебені анықтау» терезесі сайт бетінің оң жақ бұрышында орналасқан. Оны басу және ЖСН-ді көрсету жеткілікті.
Goldau 24/7 мобильді қосымшасы
Ол үшін мәзірде «Сақтандырылу мәртебесін тексеру» бөлімін таңдап, ЖСН-ді енгізу қажет. Терезеде мәртебе және алдыңғы 12 айдағы төлемдердің болуы туралы ақпарат пайда болады. Сіз қосымшаны PlayMarket және AppStore-дан жүктей аласыз.
Telegram-дағы @SaqtandyrýBot боты
Ботты іске қосу үшін келесі сілтемені ашу керек: https://t.me/SaqtandyryBot немесе іздеу жолына оның атын енгізіңіз, содан кейін «Сақтандырылу мәртебесін тексеру» бөлімін таңдаңыз, ЖСН-ді енгізіңіз.
Өз атыңызға аударылған аударымдар мен жарналар туралы «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне медициналық көрсетілетін қызметті тұтынушы ретінде қатысу туралы және аударымдардың және (немесе) жарналардың аударылған сомалары туралы ақпарат ұсыну» мемлекеттік қызметіне келесі сілтеме арқылы тапсырыс беріп, біле аласыз: https://egov.kz/cms/kk/services/health_care/pass171-2_mz.
1414 байланыс операторынан біле аласыз
2024 МӘМС ТӨЛЕМІ ҚАНША ТЕҢГЕ ТӨЛЕНЕДІ?
ЖҰМЫС БЕРУШІЛЕР
Жұмыс берушілер МӘМС-ке қызметкері үшін жалақының 3%-ін аударады. Бірақ салық салынатын ай сайынғы табыс 10 ең төменгі жалақыдан (2024 жылы 850 000 теңге) аспауға тиіс. Яғни жұмыс берушінің аударатын ең жоғары сомасы айына 25 500 теңгені құрайды.
Айта кетері, бұл ақша қызметкердің жалақысынан ұсталмайды, оны жұмыс беруші кәсіпорын есебінен төлейді.
Жалдамалы қызметкерлер
Жалдамалы қызметкерлер мен азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт негізінде қызмет көрсететін жұмысшылар міндетті медициналық сақтандыруға ай сайынғы табысының 2% мөлшерінде жарна төлейді.
Бұл ретте жарнаның ең жоғары сомасы 17 мың теңгеден аспайды.
ЖЕКЕ КӘСІПКЕРЛЕР
Жеке кәсіпкерлер 1,4 еселенген ең төменгі жалақының 5%-ін аударады.
2024 жылы оның мөлшері – 5 950 теңге.
Егер жеке кәсіпкер есептілікті «нөлмен» тапсырса, бірақ өз қызметін ресми түрде тоқтатпаса, онда ол Салық кодексіне сәйкес жарна төлеуді жалғастыра беруі керек. Әйтпесе, қарыз пайда болады.
Бірыңғай төлем төлеушілер
Бірыңғай төлемді жеңілдетілген декларация және ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерге арналған арнайы салық режимі бойынша жұмыс істейтін жеке кәсіпкерлер мен шағын және орта бизнестің заңды тұлғалары пайдаланады.
Жалақыдан ұсталатын бірыңғай төлемге мыналар кіреді:
міндетті зейнетақы жарналары;
әлеуметтік аударымдар;
МӘМС жарналары;
МӘМС-ке аударымдар;
жеке табыс салығы.
2024 жылы бірыңғай төлемнің ставкасы еңбекақы төлеу қорының 21,5%-ін құрайды.
Бірыңғай төлемді ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 25-інен кешіктірмей, Мемлекеттік корпорацияның шотына бір төлеммен аудару қажет.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Елімізде дәрі-дәрмек бағасы қаншалықты өзгерді.

AdiletTV

Түркістан облысы: Ордабасы аудандық ауруханасында құтыру ауруының себептері туралы түсіндірілді.

AdiletTV

Түркістан облысы: Ордабасы аудандық орталық ауруханасында МӘМС төлемдері бойынша өзгерістермен таныстырылды.

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз