0.3 C
Shymkent
22 ноября, 2024
adilettv

Шымкент қаласы: Еңбекші АПБ ЖПҚ №39 тірек пунктінде 10 айында жалпы 23 қылмыс ашылған.

Шымкент ҚПД Еңбекші АПБ ЖПҚ №39 тірек пунктінің жауапты участкелік полиция инспекторы Аманжол Нұрдаулет Рамазанұлы өзімнің қарамағымдағы участкелік полиция инспектормен атқаратын әкімшілік аумағымыз Шымкент қаласы Оңтүстік мөлтек ауданында толығымен қамтамасыз етіп келеміз. Жалпы Шымкент қаласы Оңтүстік мөлтек ауданында халық саны-16787 оның ішінде ересектер-7951,балалар-8831, шетел азаматтары-5 тіркелген.
Әкімшілік аумаққа қарасты Ю.Гагарин атындағы №34 мектеп және Тәжібай ата атындағы мешіт бар.
Шымкент ҚПД Еңбекші АПБ-ның ЖПҚ-нің №39 УПП УПИ-ларымен профилактикалық алдын алу жұмыстары бойынша 2024 жылдың 10 ай көлемінде бірқатар жұмыстар атқарылды. 2024 жылдың 10 айы көлемінде анықталып профлактикалық есепке қойылған тұлғалар саны 50, арнайы профилактикалық емдеу мекемесіне 7 алкогольдік ішімдікке салынған азаматтар мен нашақорлар еріксіз емдеуге орналастырылып. Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету барысында көпшілік орында алкогольдік ішімдік ішкен күйде пайда болған 45 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2024 жылғы 2 қыркүйекте Қазақстан халқына Жолдауында «Таза Қазақстан»экологиялық акциясы туралы айтқан болатын. Ол елімізде көктемнен бастап «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы өтіп жатқанын еске сала отырып акцияның мақсаты — экологиялық мәдениетті қалыптастыру, «адал адам — адал еңбек — адал табыс» патриотизм құндылықтарын дәріптеу, сондай-ақ қоршаған ортаға ұқыпты қарау. Бұл, президент атап өткендей, «уақытша акция емес, бұл маңызды жоба жыл бойы жалғасуы тиіс» Дәл осы акция аясында Еңбекші аудандық полиция басқармасында қарасты бірқатар жұмыстар атқарылып келеді.

Таза қала атты іс-шаралар барысында қала көркін бұзғаны үшін 75 азамат ҚР ӘҚБтК-нің 505 бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, ҚР ӘҚБтК-нің 434 бабы бойынша, яғни қоршаған ортаны ластап, айналадағыларға сыйламаушылық білдірген 55 азаматқа әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды.
Интернет – алысты жақындатып, өмірімізді жеңілдетіп отырған құрал. Дегенмен, оның да кемшін тұстары жоқ емес. Алаяқтар үшін интернет қарапайым адамдарды алдаудың жаңа құралына айналып үлгерді. Сол үшін де интернет-алаяқтық жаңалық емес. Интернет жеке деректерді ұрлау және қаржылық алаяқтық жасаудың ең танымал құралдардың біріне айналды. Интернет-алаяқтық заманауи технологиялық құралдарды қолдану арқылы жүзеге асырылады. Оны киберқылмыстың бір түрі деп есептеуге болады. Интернеттегі алаяқтардың мақсаты – заңсыз жолмен басқалардың ақшасы мен мүлкін ұрлау. Алаяқтықтың бұл түрі Интернет қызметтерін немесе оған қосылған бағдарламаларды пайдалану арқылы жүзеге асырылады. Интернет-алаяқтардың жымысқы әрекетінен әлемде қаншама адам қаржылық шығынға батып жатыр. Оған тосқауыл жоқ, десе де одан қорғанудың жолдары бар. Интернет-алаяқтық материалдық шығыннан бөлек моральдық шығынға да ұшыратады. Бұл алаяқтың кәсіби деңгейі мен тәжірибесіне байланысты. Сіз кез келген уақытта қандай да бір жолмен онлайн-алаяқтықтың құрбанына айналып кетуіңіз мүмкін. Сол себепті, барынша абай болу керек және жеке деректердің қауіпсіздігін бақылап отырған жөн.
Осы бағытта алаяқтық қылмыстардың алдын алу мақсатында тұрғындармен кездесу ұйымдастырып түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Тұрғындармен ватсап желісі арқылы чат құрылып күнделікті видео роликтер таратылуда.
2024 жылдың 10 айында жалпы 23 қылмыс ашып, оның ішінде ҚР ҚК-нің 296 бап 2 бөлігімен (Есірткі құралдарын сақтау) 12 қылмыс, ҚР ҚК-нің 296 бап 4 бөлігімен 2 қылмыс, ҚР ҚК-нің 300 бабымен 2 қылмыс, ҚР ҚК-нің 188-бабымен (Ұрлық) 5 қылмыс ҚР ҚК-нің 109 бабымен 2 қылмыс.
ҚР ІІМ-нің 06.10.2022 жылғы №792 бұйрығын басшылыққа ала отырып, бас бостандығынан айыру мекемесінен босатылғандардың соңынан қадағалау күшейтіліп, есепте тұратын азаматтармен профилактикалық жұмыстарды жандандырып, уақытысында есепке алып және көпқабатты үйлерді тексеріп, ҚР ІІМ-нің 06.10.2022 жылғы №792 бұйрығы бойынша жұмыстар жүргізілді.

Шымкент ҚПД Еңбекші АПБ ЖПҚ УПИ полиция майоры Нұрдаулет Аманжол

Бөлісу

Related posts

ЭКСПРОМТ-кездесуде АЭС маңызы түсіндірілді

AdiletTV

Даурен Абаев назначен чрезвычайным и полномочным послом Казахстана в России

Геннадий головкин – ҰОК президенті.

Куандыков Улан Ержанович Ux Директор

Leave a Comment