1.3 C
Shymkent
24 ноября, 2024
adilettv

Шымкент қаласы: Есірткі қылмысының және нашақорлықтың салдары ескертілуде

Есірткі қылмысының және нашақорлықтың салдары ескертілуде
​​Оқу жылы барысында полиция қызметкерлері мүдделі мемлекеттік және жергілікті атқарушы орган өкілдерімен, үкіметтік емес ұйымдармен бірлесіп студенттерге есірткі қылмысының және нашақорлықтың салдары туралы ескерту жұмыстарын жүргізуде.
​Кездесу кезінде мамандар студенттерге есірткінің зияны, оның адамға алып келер зардабы жайлы баяндап, есірткі қылмысын жасағандарға қатысты қолданылатын жаза түрлеріне тоқталуда.
​Осындай кезекті іс-шара «Индустриалды техникалық колледжінің» ғимаратында өткізілді. Оған қатысқан Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкері есірткіге құмарту өз өміріне ғана емес, қоғамға зияны тиетінін айтып, жастарға тура жол сілтеді.
Сондай-ақ, мамандар өздерінің білімдері мен тәжірибелерімен бөлісіп, өз жұмыстары туралы, өздерін және жақындарын қорғау үшін заңды білу қаншалықты маңызды екендігін айтты.
​Кездесу соңында студенттер спикерлерге өздерін толғандырып жүрген сауалдарын қойып, тиісті жауаптар

*********

Жастардың арасында есірткі заттарын пайдалануға теріс көзқарасты қалыптастыру мақсатында Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Жол-көлік колледжінде кездесу ұйымдастырылды.
Кездесуге Шымкент қаласы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі, полиция майоры Қарбеков Бауыржан Қанатұлы, Жекпе-жектен Азия және Әлем чемпионы панкратион спорт түрінен Ташкентте өткен Әлем чемпионатының жеңімпазы Тимур Қуаныш және Шымкент қалалық ЖИТС-тың алдын алу және онымен күресу орталығының эпидимиолог дәрігері Ертаев Асқар Сансызбаевич қатысты.
Жиын барысында сала мамандары есірткінің адам өміріне әкелер зияны мен оны қолданған жағдайда заң аясында қандай жауапкершіліктердің қаралғаны жөнінде сөз қозғады.
Жиын соңында жастар өздерінің көкейтесті сауалнамаларын жолдап, сұрақ-жауап алмасты.

Бөлісу

Related posts

Всего на территории города Шымкент зарегистрировано 686 преступлений интернет-мошенничества.

AdiletTV

Түркістан облысы: Ордабасы аудандық ауруханасында «зорлық-зомбылыққа жол жоқ» тақырыбында семинар өтті.

AdiletTV

Шымкент қаласы: полицейлер қаза тапқан әріптестерінің ұлын білім күні қарсаңында мектепке алып барды.

AdiletTV

Leave a Comment