3.3 C
Shymkent
22 ноября, 2024
adilettv

Шымкент қаласы: Еңбекші ауданы №34 учаскелік полициясында алаяқтық қылмыстар саны 15-тен 14-ке немесе -6,7 пайызға төмендеген.

Еңбекші ауданы аумағында №34 учаскелік полиция инспекторларымен 2024 жылдың 10 айда құқық бұзушылықтардың алдын алу, болдырмау, құқықбұзушылықтарға бейім тұлғаларды есепке алу, профилактикалық іс-шараларды жүзеге асыру барысында бір қатар жұмыстар атқарылды.
Анықтама ретінде; Еңбекші АПБ қарасты №34 Учаскелік полиция тірегі Орынбай Ақын көшесі №99 үй 64 пәтерде орналасқан. Онда, жалпы 5 учаскелік полиция инспекторы жұмыс атқаруда (1-Жауапты, 4-УПИ).
Әкімшілік аумақтың жалпы аумағы – 2,5 гектар.
-Халық саны-18 623.
-54 көпқабатты үй бар (3 750 пәтер, 189 подъезд)
-Жер үй саны 462.
Атап айтар болсақ:
№34 учаскелік полиция инспекторларымен тіркелген қылмыстардың саны былтырғы жылмен салыстырғанда -14,7 пайызға немесе 41-ден 35-ке төмендеген оның 26-қылмыс ашылған, 9-қылмыс ашылмаған.
Алаяқтық қылмыстар саны 15-тен 14-ке немесе -6,7 пайызға төмендеген.
Отбасы тұрмыстық қарым қатынаста жасалған қылмыстар-1 (2023 жыл 0).
УПИ-ның жеке ізденуімен ашылған қылмыстық құқық бұзушылықтар 9-да 12-ге 3-жәйтқа немесе +25 пайызға көп анықталған.
Жыл басынан жасөспірімдермен жасалған қылмыстар орын алмады;
Әкімшілік аумақта жалпы 165-тұлға профилактикалық және тізімдік есепте тұрады. Олармен келесідей жұмыстар атқарылды;
МБШТБ жалпы 5 тұлға тұрады тексеру барысында кемшіліктер анықталып, іс-құжаттар жинақталып кері қайтару үшін Еңбекші аудандық сотына жолданып, соттың шешімімен түзеу мекемесіне 1 тұлға кері қайтарылды. (Одинцов) 2023 жылы 0).
Маскүнем санатымен 38-тұлға есепте тұрады, 10-ай көлемінде Маскүнемдіктен мәжбүрлеп емдеу орталығына 6-тұлға жеткізіліп, жайғастырылған (2023 ж. 1 тұлға). Қазіргі таңда тағыда екі іс-құжатымыз сотта қаралып жатыр.
8 тұлға 1 айлық наркологиялық емдеуге жайғастырылды.
Тұрмыстық зорлық зомбылық бойынша,
Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында берген тапсырмасымен тұрмыстық зорлық-зомбылық жасау фактісі үшін жауапкершілік заң жүзінде күшейтілген 2024 жылдың 15 маусымнан заңына сәйкес, Жаңа түзетулер жәбірленушілердің өтінішісіз әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғауға мүмкіндік берілген болатын.
Әкімшілік аумақта жалпы -503 шақырту болған.
Оның 110 отбасылық жан-жал ретінде тіркелген, ҚР ӘҚБТК-нің 73-
бабымен 110-әкімшілік хаттама толтырылған.
Оның ішінде учаскелік полиция инспекторымен анықталғаны-28, жалпы 121 қорғау нұсқамасы шығарылған.
Қоғамдық кеңес төрағасы Еңбекші ауданының әкімінің орынбасары Амангелдиев Досалы Жайлауұлы жетекшілік жасауда.
Сондай-ақ, әкімшілік аумағында қылмыстын алдын алу болдырмау мақсатында ерікті түрде 3-қоғамдық көмекші алынған.
Жыл басынан 1 684 әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, хаттама толтырылды.
ҚР ӘҚБтК-нің 450 бабы бойынша яғни Көрінеу жезөкшелікпен айналысу немесе жеңгетайлық үшін үй-жайлар ұсыну бойынша 2-құқық бұзушылық анықталған.
Көші-қон саласы бойынша;
2024-жылдың 10-айында аудан аумағында 55 ТМД елдерінің азаматтары уақытша тіркеуге алынған (Оның ішінде жұмыс істеу мақсатпен-32 оқу мақсатпен-23.
Жыл басынан бері қызмет ету аумағында, көші-қон жағдайын бақылауға, Қөші-қон қызметкерлерімен және жедел уәкіл қызметкерлерімен бірге жедел профилактикалық іс-шаралары өткізілді.
Әкімшілік аумақта 35-азық түлік дүкені бар, оларды тексеру кезінде ҚР ӘҚБтК-нің 200 бабы бойынша яғни алкогольдік өнімдерді сағат 23-00 ден кейін сатқан 5-азық түлік дүкендері анықталып, әкімшілік хаттама толтырылып, сотқа жолданды.
Әкімшілік аймақтағы заңсыз есіріткі затының қолдануы және айналымын анықтап, жарнамаларын өшіру бойынша Жедел уәкіл қызметкерлерімен және қоғамдық көмкешілермен әкімшілік аумақта заңсыз жарнамалар анықталып 137-«Графити» суреттер өшірілді.
Сонымен қатар УПП қызметкерлері мен Еңбекші АПБ қызметкерлерімен криминалдық полиция қызметкерлерімен бірлесіп әкімшілік аумақта қылмысты болдырмау, жолын кесу және құрықтауға бағытталған бірлескен рейдтік іс-шаралар жүргізілді.
Нәтижесінде ҚР ҚК-нің 296-бабымен (есірткі затын заңсыз сақтау) 11-қылмыстық құқық бұзушылық анықталды.
«Интернет алаяқтық» қылмыстары бойынша жергілікті тұрғындармен аулада кездесулер өткізіліп, бейне роликтер түсіріліп, алдын алу бойынша фотолар және визиткалар таратылды,

Бөлісу

Related posts

Шымкент қаласы: Қаратау АПБ жыл басынан бері тұрмыстық зорлық-зомбылықтан 446 адам зәбір көріп, полициядан көмек сұраған.

AdiletTV

Азаматтық қорғаныс бойынша жиын өтті

AdiletTV

«Мұқтаж жанға бұйыру керек еді»: Актриса Дариға Бадықова ойнатқан ұтыстың жеңімпазы белгілі актер болып шықты

Leave a Comment