7.3 C
Shymkent
27 ноября, 2024
adilettv

Шымкент қаласы: Еңбекші ауданы №43 тірек пунктінінде заңсыз есірткі затын жою үшін 32 графити суреттері өшірілді.

Шымкент ҚПД Еңбекші АПБ ЖПҚ №43 тірек пунктінің жауапты учаскелік
полиция инспекторы полиция майоры Токсеитов Биржан Ермаханович
қарамағымдағы учаскелік полиция инспекторларымен атқаратын әкімшілік
аумағымыз Шымкент қаласы Еламан мөлтек ауданын толығымен қамтамасыз
етеміз. Жалпы Шымкент қаласы Еламан мөлтек ауданында тұратын халық
саны 9100, оның ішінде ересектер 4800, балалар-5300, шетелдік азаматтар 4.
Әкімшілік аумақта №127 жалпы орта мектебі бар.
Шымкент ҚПД Еңбекші АПБ-ның ЖПҚ-ның №43 УПП УПИ-ларымен
профилактикалық алдын алу жұмыстары бойынша 2024 жылдың 10 ай
көлемінде бір шама жұмыстар атқарылды. 2024 жылдың 10 ай көлемінде
профилактикалық есепке қойылған тұлғалар саны 39, арнайы
профилактикалық емдеу мекемесіне 8-алкогольдік ішімідікке салынған
азаматтар мен нашахорлар еріксіз емдеуге орналастырылды. Қоғамдық
қауіпсіздікті қамтамасыз ету барасында көпшілік орында алкогольдік
ішімдікті мөлшерден тыс пайдаланған 40-азамат әкімшілік жауапкершілікке
тартылды.
Таза қала атты іс-шара өткізу барысында қалалық жерде абаттандыру
ережесін бұзған 87-азамат ҚР ӘҚБтК-нің 505 бабы бойынша әкімшілік
жауапкершілікке тартылды.
Бүгінгі күнгі қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі — балалар
мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке
толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу.
Жасөспірімдердің қалыптасуына әсер ететін факторлар:
Отбасы. Отбасындағы қарым-қатынас жасөспірім үшін, оның тұлға ретінде
қалыптасуы үшін үлкен тәрбиелік мәнге ие. Қазіргі уақытта көптеген
отбасыларда балаларды ата-аналардың бірі, көбінесе анасы тәрбиелейді, бұл
жасөспірімдерді тиісті қадағалаудың болмауына әсер етеді, оған моральдық
қолдау, қамқорлық, көңіл бөлінбейді-мұның бәрі тұлғаның қалыптасуына
кері әсер етеді.
Мектеп. Мұғалімдермен қарым-қатынасы қиын жасөспірімдер көбінесе
сыныпта оқшауланып, өздерін бөтен сезінетіндігімен, әдетте қиын
жасөспірімдер нашар оқитындығымен күрделене түседі. Оқуы қиын
жасөспірімдерді сынып ұжымында оқшаулау олардың құқық бұзушылық
жолына түсуіне ықпал ететін басты себептердің бірі болып табылады.
ҚР ӘҚБтК 434-2 бабы бойынша яғни ортақ пайдалану орнын ластап
айналасындағыларға сыйламаушылық білдірген 45-азаматқа әкімшілік құқық
бұзушылық бабымен хаттама толтырылды.
Сонымен қатар әкімшілік аумақта қызмет атқару барысында мерзімінен
бұрын шартты түрде босап шықан азаматтарды есепке алып, ол азаматтармен
профилактикалық мәні бар сұхбаттасу жұмысы жүргізіліп бір қатар
жұмыстар атқарылды.
Бүгінде елде кеңінен белең алып жатқан интернет алаяқтық бойынша да
басқармада бірқатар жұмыстар атқарылды. Интернет дамыған заманда
алаяқтың құрбандары күн санап артуда, технологиямен қатар дамып
отқандардың жолдарын кесу әрине өте қиын. Алайда бұл бағыт бойынша да
жұмысты тоқтатпаймыз. Тұрғындармен кездесу, аудан аумағына қарасты
мектеп оқушыларымен, колледж және жоғары оқу орындарының
студенттерімен жұмыстар жүргізіліп, тұрғындар арасында
интернет алаяқтық қылмысынан сақ болу үшін жарнамалар таратылып
ескерту жұмыстары жүргізілді.
2024 жылдың 10-айында жалпы 23 қылмыс ашып, оның ішінде ҚР ҚК-нің
296 бабының 2-бөлігімен (есірткі затын сақтау -5) ҚР ҚК-нің 188-бабымен
(Ұрлық-9) ҚР ҚР ҚК-нің 109-бабымен 3.
ҚР ҚК 190-бабымен (Алаяқтық-6) қылмыстары ашылды.
Әкімшілік аумақта 17 азық-түлік дүкені бар, оларды тексеру кезінде ҚР
ӘҚБтК-нің 200-бабы бойынша, яғни алкогольдік өнімдерді сағат 23:00 ден
кейін сатқан 2 азық-түлік дүкендері анықталып, әкімшілік хаттама
толтырылып, сотқа жолданды.
Әкімшілік аумақтағы заңсыз есірткі затын қолдануы және айналымын
анықтап, жарнамаларын өшіру бойынша қоғамдық көмекшілер мен әкімшілік
аумақта заңсыз жарнамалар анықталып 32 Графити суреттері өшірілді.
ҚР ІІМ 06.10.2022 жылғы №792 бұйрығын басшылыққа ала отырып, бас
бостандығынан айыру мекемесінен босатылған тұлғаларды қадағалау
күшейтіліп, есепте тұратын азаматтармен профилактикалық жұмыстарды
күшейтіп, уақытысында есепке алып және жеке үйлерді тексеріп, сонымен
қатар УПП қызметкерлері, криминалдық полиция қызметкерлерімен бірге
әкімшілік аумақта қылмысты болдырмау, жолын кесу және құрықтауға
бағытталған іс-шаралар жүргізілуде.

Шымкент ҚПД Еңбекші АПБ ЖПҚ №43 тірек пунктінің жауапты учаскелік
полиция инспекторы полиция майоры Токсеитов Биржан Ермаханович

Бөлісу

Related posts

В Шымкенте за загрязнение мест общего пользования привлечено к ответственности около 13 тысяч человек

AdiletTV

Шымкент: В Аль-Фарабийском РУВД проведено 6 совещаний по профилактике домашнего насилия

AdiletTV

Түркістан облысы: Балалардың, әсіресе жасөспірімдердің репродуктивті денсаулығының жағдайы бүкіл әлемде алаңдаушылық туғызуда.

AdiletTV

Leave a Comment