-3.7 C
Shymkent
15 ноября, 2024
adilettv

Шымкент қаласы: Еңбекші АПБ ЖПҚ №36 тірек пунктінде профилактикалық жұмыстар кестеге сәйкес өтуде.

Шымкент ҚПД Еңбекші АПБ ЖПҚ №36 тірек пунктінің жауапты участкелік полиция инспекторы Е.Турманов өзінің қарамағындағы участкелік полиция инспектормен атқаратын әкімшілік аумағымыз Шымкент қаласы Бадам-1, Бадам-2, Қаратөбе т.а., толығымен қамтамасыз етеміз. Жалпы Шымкент қаласы Бадам-1, Бадам-2, Қаратөбе т.а., халық саны-18560 оның ішінде ересектер-8960, балалар-9845, шетелдіктер-21. Әкімшілік аумақтың жалпы аумағы -4500 Га. Жеке үйлер саны -4580. Көшелер саны-45, дүкендер саны-36, оқу орталығы-3, дәріханалар-2, медициналық мекеме-1, балабақшалар саны-2. Әкімшілік аумаққа қарасты №96,97,100 жалпы орта мектептері және 3- мешіт бар.
Шымкент қаласы полиция департаменті Еңбекші АПБ-ның ЖПҚ-нің №36 УПП УПИ-ларымен профилактикалық алдын алу жұмыстары бойынша 2024 жылдың 10 ай көлемінде біршама жұмыстар атқарылды. 2024 жылдың 10 айы көлемінде анықталып профлактикалық есепке қойылған тұлғалар саны 44, арнайы профилактикалық емдеу мекемесіне 5 алкогольдік ішімдікке салынған азаматтар мен нашақорлар еріксіз емдеуге орналастырылып. Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету барысында көпшілік орында алкогольдік ішімдік ішкен күйде пайда болған 30 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
2024 жылдың 10 айында 90 нан астам профилактикалық, нүктелі іс-шаралар жүргізілді. «Таза қала», «Түнгі қала», «Жаяу жүргінші», «Автокөлік», «Қару іс-шарасы», «Қадағалау», «Қауіпсіз жол», «Құқықтық тәртіп», «Мото көлік», «Пәтер», «Қара сора іс-шарасы», «Провация», «Жасөспірім», «Тұрмыс», «Бір нүктелік іс-шара», «Антифроун, Броконер» тағы да осы сынды жұмыстар атқарылды.
Осы іс-шаралар аясында бірқатар жұмыстар атқарылды. Солардың бірі «Пәтер», Аталған іс-шараның негізгі міндеттері пәтерлер мен үй иеліктерінен ұрлыққа байланысты қылмыстардың алдын алу, жолын кесу және ашу болып табылады. Шара кезінде полицейлер халық арасында өз мүліктерін сақтау туралы түсінік жұмыстарын жүргізді.
Жол қозғалысына қатысушылардың жол жүрісі ережелерін қатаң сақтауын қамтамасыз ету, жол-көлік оқиғаларын болдырмау мақсатында республика аумағында “Қауіпсіз жол” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр.
Таза қала атты іс-шаралар барысында қала көркін бұзғаны үшін 75 азамат ҚР ӘҚБтК-нің 505 бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, ҚР ӘҚБтК-нің 434 бабы бойынша, яғни қоршаған ортаны ластап, айналадағыларға сыйламаушылық білдірген 55 азаматқа әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды.
Зорлық-зомбылық — жеке тұлғаға қол сұқпаушылық, (тәндік және рухани мағынада) туралы азаматтардың құқын бұзатын бір адамның екінші адамға тәндік немесе психикалық ықпал етуі. Түрлі тәсілдермен ұрып-соғу, дене жарақатын салу, азаптау (азапқа салу және денсаулыққа зиян келтіру); адам психикасына (жүйкесінің тозуы немесе тіпті жынданып кетуін тудыруы мүмкін) қорқыту, тәнге жарақат салу катері жолымен ыкпал ету және т.б. Зорлық-зомбылықты қолдану аркылы жасалған қылмыс, қылмыстық жауапкершілікті ауырлататын мән-жай болып табылады.
Кибербуллинг — баланың қыр соңына түсу, қорқыту, ұялту мақсатында Интернетті не басқа технологияларды пайдалану. Дөрекі, қатыгез сипаттағы мәтіндік хабарламалар жіберу; жәбірленушіні онлайн режімінде мазақ ету не жеке басына тән ақпаратты, фотоны не бейнежазбаны орналастыру; басқа баланың қыр соңына түсу не мазақ ету мақсатында жалған тіркеу жазбасы. Осы бағыттар аясында да тірек пунктке қарасты барлық мектеп, колледж, ЖОО орын студенттеріне ұдайы түсіндірме жұмыстары жүргізіліп келеді. Алаяқтық қылмыстардың алдын алу мақсатында тұрғындармен кездесу ұйымдастырып түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Тұрғындармен ватсап желісі арқылы чат құрылып күнделікті видео роликтер таратылуда.

Шымкент ҚПД Еңбекші АПБ ЖПҚ УПИ
полиция подполковнигі Е.Турманов

Бөлісу

Related posts

Обеспечим безопасное и надежное использование мирного атома – атомщики Казахстана обратились к казахстанцам

AdiletTV

ШЫМКЕНТ: аппарат басшысы тағайындалды

Атом электр станциясын салу – ұзақ мерзімді жоба!

AdiletTV

Leave a Comment