Иттің иіс сезу қабілеті адамға қарағанда әлдеқайда күшті. Олар екі миллионға дейін иісті ажырата алады. Бұл ерекшеліктер төрт аяқты көмекшілерді қызметтік-іздестіру жұмыстарында, яғни жоғалған адамдарды, есірткілер мен жарылғыш заттарды іздеуге қолдануға мүмкіндік береді. Бүгінгі таңда ішкі істер жүйесінде жүздеген ит қызмет етеді.
Олардың едәуір бөлігі есірткі заттарын анықтауға үйретілген. Айта кету керек, ит есірткі заттарын ғана емес, оларды қолданушыларды да анықтай алады. 10 айда қызметтік иттердің көмегімен 3,5 мыңнан астам қылмыс ашылды. 1200-ге жуық тексеру іс-шаралары өткізілді. Заңсыз айналымнан 4 тоннаға жуық есірткі, оның ішінде 87 кг синтетика тәркіленді. Мұндай тексерулер әуежайларда, вокзалдарда және жолаушылар пойыздарында, сондай-ақ “Қазпошта” бөлімшелерінде тұрақты түрде жүргізіледі.
****
Свыше 3,5 тысячи преступлений раскрыто с помощью служебных собак
Сила, выносливость, верность и развитая интуиция — все эти качества делают полицейских собак настоящими героями на службе. Но, безусловно, одним из самых выдающихся их даров является острый нюх. Нюх собаки намного сильнее человеческого, она способна различать до 2 млн запахов – эти уникальные особенности позволяют использовать собак в служебно-розыскной деятельности. Универсальные “четвероногие полицейские” ищут людей, наркотики и взрывчатки. Хвостатые помогают стражам порядка в различных задачах.
Сегодня в системе органов внутренних дел служат сотни собак, из них значительное количество нацелены на выявление наркотических веществ. Стоит отметить, что собака может обнаружить не только наркотические вещества, но и их пользователей. За 10 месяцев с помощью служебных собак раскрыто свыше 3,5 тысячи преступлений. Проведено порядка 1200 досмотровых мероприятий. Из незаконного оборота изъято около 4 тонн наркотиков, в том числе 87 кг синтетики. Такие проверки на постоянной основе проводятся в аэропортах, пассажирских поездах, на вокзалах, а также в отделениях “Казпочты”.