27.3 C
Shymkent
10 сентября, 2025
adilettv

КЕСКІНДЕМЕ ЖӘНЕ БИ ӨНЕРІ МАЙТАЛМАНДАРЫНЫҢ КӨРМЕСІ ӨТЕДІ

Шымкент қаласында 7-20 ақпан аралығында А. Пушкин атындағы кітапханада «Кескіндеме және би өнері – Шымкент тарихынан» атты көрме өтеді.
Көрме аясында өмірлері Шымкент қаласымен тығыз байланысты болған суретші Григорий Пономаренко мен балет әртісі, педагог Ұлан Мирсеидовтың шығармашылығы таныстырылатын болады.
Көрмеде суретші Григорий Пономаренконың соғыстан кейін соңғы кеңестік кезеңге дейінгі негізгі жанрлардағы туындылары ұсынылады. Оның картиналарында 1950-1990 жылдардағы Оңтүстік Қазақстанның қалыптасуы зор сүйіспеншілікпен, шеберлікпен және тарихи шынайылықпен бейнеленген.
Ұлан Мирсеидов (1952–2013), Шымкент қаласының тумасы, қазақстандық студенттер мен балет әртістеріне халықаралық байқауларға жол ашқан көрнекті педагог. Ұлан Мирсеидовты «чемпиондар ұстазы» деп атайды, өйткені оның шәкірттері халықаралық аренада алғаш рет жүлделі орындарға ие болды, ал қазақ балет мектебін әлемдік балет қауымдастығы мойындады. Ұлан Мирсеидов ұзақ жылдар бойы Қазақстанда ерлер классикалық биінің стилін қалыптастырды.
Көрме Шымкент қаласы әкімдігінің, Түркістан облысы мәдениет басқармасының «Бейнелеу өнері мүзейі» МКҚК, А. Пушкин атындағы кітапхананың, «QazElles» Франциядағы қазақстандық әйелдер ассоциациясының, «MPL» компаниясының және жеке коллекционерлердің қолдауымен өткізіледі.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ASAR BASPANA» ҚАРЖЫЛЫҚ ПИРАМИДАСЫНЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛАРЫ ҰСТАЛЫП, 1,2 МЛРД ТЕҢГЕДЕН АСТАМ ҚАРАЖАТ ТӘРКІЛЕНДІ

AdiletTV

ПОЛИЦЕЙЛЕР ЖОЛ ЕРЕЖЕСІН БҰЗУШЫЛАРДЫ ДРОННЫҢ КӨМЕГІМЕН АНЫҚТАЙДЫ

AdiletTV

ТУРИСТИЧЕСКИЕ МЕРОПРИЯТИЯ В ГОРОДЕ ШЫМКЕНТ В 2025 ГОДУ

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз