-1.7 C
Shymkent
5 марта, 2025
adilettv

ШЫМКЕНТТЕ «АЛҒЫС АЙТУ» КҮНІ МЕН ҚХА-НЫҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН МЕРЕКЕ ӨТТІ

Бүгін Шымкент қаласындағы А.С.Пушкин атындағы №1 мектеп-гимназиясында 1-наурыз «Алғыс айту» күні мен Қазақстан халық Ассамблеясының 30 жылдығына арналған мерекелік іс-шара өтті.

Іс-шараның негізгі мақсаты — көпұлтты оқушылардың бірлігі мен татулығын сақтап, патриоттық тәрбие беру. Мерекелік шараға Шымкент қаласының Құрметті азаматы, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, «Арофат» мектебінің директоры Пак Роза Викторовна, ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демократиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі Жандосова Баян Айтбековна, Шымкент қаласындағы Қазақстанның Халықтар Ассамблеясының мүшесі, Шымкент қаласының Құрметті азаматы, А.С.Пушкин атындағы қалалық әмбебап кітапханасының директоры Наталья Сергеевна қатысып, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті сақтау, Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы туралы сөз сөйледі. Сондай-ақ, ұлттық мәдениеттер мен дәстүрлердің қадір-қасиетін құрметтеу, еліміздегі ұлттар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайту мәселелері ерекше атап өтілді.

Жиын барысында кәріс, түрік, шешен, орыс, армян, неміс ұлттарының өкілдері Қазақстанға қоныс аударғандары жайлы қысқаша баяндап, қазақ халқына алғыс айтты. Іс шара соңында оқушылар мектеп ұстаздарына өз ыстық ықыластарын білдіріп, жиналған жұртқа өз өнерлерін көрсетті.

Бөлісу

Related posts

16 жасар шымкенттік есірткі жарнамалағаны үшін алты жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін

AdiletTV

Шымкентте кәмелетке толмаған есірткі жасырушылар ұсталды.

AdiletTV

ЕЛОРДАЛЫҚ ҚҰТҚАРУШЫЛАР 7-ҚАБАТТАҒЫ ӨРТТЕН ӘЙЕЛДІ АМАН АЛЫП ҚАЛДЫ

AdiletTV

Leave a Comment