9.3 C
Shymkent
6 марта, 2025
adilettv

ҚАЛА ӘКІМІ ТАРИХИ ЖЕҢІСКЕ ЖЕТКЕН СПОРТШЫЛАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ

ҚАЛА ӘКІМІ ТАРИХИ ЖЕҢІСКЕ ЖЕТКЕН СПОРТШЫЛАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ

🔷 Харбинде (Қытай) өткен ІХ Қысқы Азия ойындарында фристайл-акробатика өкілдері тарихи жеңіске қол жеткізген еді. Ұлттық құрама сапында Шымкент қаласының спортшылары 1 алтын, 1 күміс, 2 қола жүлде жеңіп алды. Сондай-ақ, фристайл-акробатикадан жастар арасында әлем чемпионатында, Дүниежүзілік Универсиада ойындарында шымкенттік спортшылар жүлдегер атанды.

🔷 Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков аталған бәсекелерде жеңімпаз және жүлдегер атанған жерлестерімізді тарихи жеңісімен құттықтап, оларға құрмет көрсетті. Қала әкімі спортшыларды және олардың жаттықтырушыларын Алғыс хаттар және қаржылай сертификаттармен марапаттады. Шаһарда спортшыларды қолдау, оларға қажетті жағдайлар жасау одан әрі жалғаса беретінін атап өтті.

🔷 Қысқы Азия ойындарында ерлер арасында командалық сайыста Шерзод Хаширбаев чемпион атанды. Аралас командалар арасындағы сайыста Аяна Жолдас, Шерзод Хаширбаев және Асылхан Асан екінші орынға ие болды. Сонымен қатар, Аяна Жолдас жекелей сында қола жүлде жеңіп алған болатын. Аяна Жолдас пен Ардана Маханова синхронды секіруде қола жүлдеге қол жеткізді.

🔷 Фристайл-акробатикадан Дінмұхамед Райымқұлов жастар арасында әлем чемпионатында топ жарды. Италияда өткен Дүниежүзілік Универсиада ойындарында шорт-трекші Айбек Темірхан қола жүлдегер атанды. Осылайша қысқы спорт өкілдері жыл басынан бері жастар арасында әлем чемпионаты, Дүниежүзілік Универсиада және Қысқы Азия ойындарында жүлдегерлер қатарынан көрінді.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Бөлісу

Related posts

ШЫМКЕНТТЕ ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДЕ ЖОЛ АҚЫСЫ КӨТЕРІЛМЕЙДІ

Instagram желісіндегі ашулы жазбасы үшін қазақстандық әйелге 664 мың теңге айыппұл салынды

Миландық маман шымкенттік өнімге қызығушылық танытты

AdiletTV

Leave a Comment