adilettv

Шымкент қаласының Тұран ауданында халықтың өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында инфрақұрылымды дамытуда ауқымды жұмыстар атқарылып жатыр

Шымкент қаласының Тұран ауданында халықтың өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында инфрақұрылымды дамытуда ауқымды жұмыстар атқарылып жатыр. Қазіргі таңда ауданның 98,5 % сапалы ауыз сумен қамтылған. Ал, ауыз су жүйесі жүргізілмеген Айкөл шағынауданында құбыр тарту жұмыстары 2025-2026 жылдарға жоспарланып отыр.

Бүгінде ауданда табиғи газбен қамту көрсеткіші – 85,7 %. Табиғи газға қосылмаған елді мекендерге (Жаңаталап жаңақұрылыс аумағы, Құрсай және Айкөл шағынаудандары) газ құбырын тарту жұмыстары 2025-2026 жылдары жүзеге аспақ.

Тұран ауданында 95,2 % тұрғын сапалы электр қуатымен қамтамасыз етілген. Қазіргі уақытта Құрсай шағынауданында жарық жүргізу жұмыстары басталып, 2025 жылдың соңына дейін толық аяқтау жоспарда тұр. Жоспарға сай, 2026 жылға қарай Тұран ауданы инфрақұрылыммен толық қамтамасыз етіледі.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Шымкенттің серпінді дамуы: өнеркәсіп пен инфрақұрылым – экономиканың тірегі

AdiletTV

В ШЫМКЕНТЕ ОБНОВЛЕНА СИСТЕМА ДОСТУПНОСТИ ЖИЛЬЯ И УСИЛЕН КОНТРОЛЬ

AdiletTV

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚАСЫМ- ЖОМАРТ ТОҚАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫН РАМАЗАН АЙЫНЫҢ БАСТАЛУЫМЕН ҚҰТТЫҚТАУЫ

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз