adilettv

«Ел ертеңі – білімді ұрпақ»

6В01404-«Дене шынықтыру және спорт» білім беру бағдараламасы – адамның физикалық және психологиялық денсаулығын нығайтатын, салауатты өмір салтын қалыптастыратын маңызды сала.
6В01401- «Бастапқы әскери дайындық мұғалімдерін даярлау» білім беру бағдараламасы – жастарға патриоттық тәрбие беру, әскери дағдыларды қалыптастыру және төтенше жағдайларда әрекет ету қабілетін дамытуға бағытталған маңызды пән. Орталық Азия Инновациялық Университеті (ОАИУ) студенттерге сапалы білім беріп, олардың кәсіби спорт пен дене тәрбиесі бағытында немесе болашақ әскери, құқық қорғау салаларында жұмыс істеуіне жетістікке жетуіне, мүмкіндік жасайды.
Біз жұмыс істейтін Орталық Азия инновациялық университетте аймақ, республика және халықаралық деңгейдегі бірқатар салаларға арналған мамандар даярланады.
Бүгінгі таңда Орталық Азия инновациялық университеті — аймақтағы интеграция мен жаһандану үрдістеріне белсенді қатысатын ілгері білім беру орталығы. Қазіргі кезде университетте 4 факультет құрамындағы 10 кафедрада 20 ғылым докторы, 140 ғылым кандидаттары мен доценттер, ғылым магистрлері мен ҚР Білім саласының үздіктері білім алушыларды өздерінің өнегелі тәрбиесі мен терең білімдерімен жасақтауда.

«Бастапқы әскери дайындық және шынықтыру және спорт» кафедрасында 2024-2025 оқу жылдарында 62 профессор-оқытушылар, оның ішінде: 6 ғылым докторы, 11 ғылым кандидаты, 22 ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушылары мен ҚР ІІМ Полковниктері, 23 ғылым магистрлері мен аға оқытушылар жұмыс жасайды.
Сонымен қатар «Бастапқы әскери дайындық және дене шынықтыру» кафедрасының 8- әлем чемпионы, 10- Азия чемпионы, 50 –ҚР спорттың әртүрінен спорт шебері, 60- ҚР спорт шеберлігіне үміткер білім алушылары әлемнің әр түрлі қалаларындағы жоғары деңгейдегі жарыстарда өнер көрсетіп, білім ордасының атын асқақтатуда. Кафедраның материалдық-техникалық базасы 3 жабық спорт кешені, 4 ашық спорт алаңы, 9 дәріс залы, 13 семинар сабақтарының аудиторияларынан тұрады және аудиториялар компьютерлік құрал-жабдықтармен жабдықталған. Кафедрада бірнеше спорт түрінен спорт секциялары жұмыс жасайды.
6В01404-«Дене шынықтыру және спорт» білім беру бағдараламасы бойынша бакалавр академиялық дәрежесі берілген бітіруші түлектер келесі кәсіптік қызмет түрлерінде қызмет атқара алады:
— Спорттық жаттықтырушы
— Дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі
— Фитнес-инструктор
— Спорттық психолог
— Денсаулық сақтау саласындағы маман
— Спорт менеджері
БӘД курсын тәмамдаған студенттер әскери қызметке, құқық қорғау органдарына, құтқару қызметтеріне және азаматтық қорғаныс құрылымдарына жұмысқа орналасуға мүмкіндік алады. Сонымен қатар, бұл пән жоғары әскери оқу орындарына түсуге жақсы дайындық береді.
Оқу формасы және мерзімі:
1. Жалпы орта білім негізінде күндізгі оқу формасы (мектептен кейінгі) – күндізгі оқу формасы бойынша мерзімі 4 жыл.
2. Орта кәсіби білім негізінде күндізгі оқу формасы (қысқартылған) – оқу мерзімі 3 жылдан кем емес.
3. Жоғарғы білім негізінде (екінші жоғары) – оқу мерзімі 2 жылдан кем емес.
Дене шынықтыру және спорт – тек денсаулықты жақсарту ғана емес, сонымен қатар табысты мансап пен салауатты өмір салтының негізі. ОАИУ осы салада білім алып, кәсіби біліктілігіңізді арттыруға мүмкіндік береді. Егер сіз спортпен айналысқыңыз келсе және осы бағытта мансап құрғыңыз келсе, ОАИУ сізге тамаша таңдау ұсынады!
Бастапқы әскери дайындық – жастардың бойында жауапкершілік, тәртіп және патриотизм қалыптастыратын маңызды пән. ОАИУ осы бағытта сапалы білім беріп, студенттердің әскери дағдыларын жетілдіруге ерекше көңіл бөледі. Бұл тек әскери қызметке емес, кез келген салада көшбасшы болуға көмектесетін құнды тәжірибе.
Мамандық таңдау – өте жауапты және маңызды іс, яғни мамандық – өмір таңдауы екендігін назарда ұстаңыз!
Бастапқы әскери дайындық пен дене шынықтыру пәндері бір-бірін толықтырады. Дене шынықтыру физикалық денсаулықты, төзімділікті нығайтуға, ал бастапқы әскери дайындық болса, осы физикалық дайындықты әскери мақсаттарға бағыттап, патриоттық сезімді қалыптастыруға арналған. Осы екі пәннің өзара ықпалдастығы жастарды қорғаныс қабілеттілігі жоғары, денсаулығы мықты және тәртіпті азамат етіп тәрбиелейді.

Қалмұрзаев Қайрат Сатбекұлы, Алдабергенов Нурлан Абдыхаликович
Орталық Азия инновациялық университеті, «Бастапқы әскери дайындық және шынықтыру және спорт» кафедрасының аға оқытушылары.
Шымкент қаласы, А.Байтұрсынов к-сі, 80.
+7(701)6251441

Бөлісу

Related posts

Шымкент қаласы: Еңбек адамы- Абдуллаевтар жанұясы.

AdiletTV

Казахстан на пути к гендерному равенству: 39% руководящих должностей на госслужбе занимают женщины

AdiletTV

Шымкентте «ішімдіксіз мекен» пайда болды

AdiletTV

Leave a Comment