7.3 C
Shymkent
15 марта, 2026
adilettv

АПАТТЫ МЕКТЕПТЕРДІҢ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Абай облысының әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен әкімдік отырысы өтті. Жиынға облыстық басқарма басшылары, аудан және қала әкімдері, өңірлік департамент жетекшілері қатысты.

Отырыста білім беру нысандарының құрылысы және жөндеу жұмыстары, республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар жолдардағы құрылыс, жөндеу және күтіп ұстау жұмыстары, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің өзекті мәселелері мәселелері қаралды. Сондай ақ жиында өңірдегі білім нысандарының материалдық-техникалық базасын жаңарту жайы да талқыланды. Биыл 2,9 млрд теңгеге облыстағы мектептерге күрделі жөндеу жүргізу жоспарланып отыр. Оның 1,1 млрд теңгесі «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында қарастырылған. Семей қаласы, Аягөз, Бесқарағай, Жаңасемей, Үржар аудандарындағы 12 мектептің шатыр, электр жүйелері, есік-терезелері ауыстырылады. Бұдан бөлек 85 мектепте ағымдағы жөндеу жүргізілуде. Отырыста бұл бағыттағы жұмыстардың кестеден кешігіп жатқаны айтылды. Облыс әкімі жиында Құрылыс және білім басқармалары басшыларының ұсынған мәліметтерінің толық зерделенбегенін сынға алды. Аймақтағы мектептердің материалдық-техникалық жағдайын жақсарту бойынша нақты есеп, жүйелі сараптама жасалмай отырғанын айтты.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Қазақстанның Өзбекстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Бейбіт Атамқұлов Ташкенттегі дипломатиялық қызметін аяқтады.

AdiletTV

ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА ЕКІ ҚАБАТТЫ ҮЙ ӨРТЕНІП, 12 АДАМ ҚАЗА ТАПТЫ

AdiletTV

Новый импульс в металлургии: инвестиционный проект на 18 млрд тенге в Шымкенте

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз