adilettv

Шағын және орта кәсіпкерлікте жұмыспен қамтылғандар саны 244,6 мың адамға жетіп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 4,8%-ға өскен.

Шымкент қаласында 2025ж жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері 138,8 мыңды (заңды тұлғалар – 21,5 мың бірлік, дара кәсіпкерлер – 110,7 мың бірлік, шаруа қожалықтары – 6,6 мың бірлік) құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда бұл көрсеткіш 7 %-ға артты.
2024 жылдың қорытындысымен шағын және орта кәсіпкерлікте жұмыспен қамтылғандар саны 244,6 мың адамға жетіп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 4,8%-ға өскен.
Өндірілген өнім көлемі бойынша 2024 жылдың қорытындысы бойынша 3 487 млрд теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңіне
30,4%-ға артқан. Жалпы өңірлік өнімдегі шағын және орта кәсіпкерліктің үлесі 54,8%-ға жетті.
Ескертпе: статистикалық деректемелер 1 тоқсан кешігіп жарияланады.
Кәсіпкерлікті қолдау шаралары
«Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кейбір шаралары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 17 қыркүйектегі № 754 қаулысына сәйкес «Бірыңғай кешенді бағдарлама» аясында кәсіпкерлікті қолдауға 2025 жылы 20 млрд тг. (республикалық бюджеттен – 15,3 млрд тг., жергілікті бюджеттен – 4,7 млрд теңге) бөлінген.
2025 жылдың қаңтар-наурыз айларында 1 985 млн теңгеге 1385 жобаға (оның ішінде 138 жаңа жоба) қолдау көрсетілді. Оның ішінде:
— банк несиелерінің пайыздық мөлшерлемесін субсидиялау бойынша 1 865 млн теңгеге 1352 жобаға; (105 жаңа жоба)
— банк несиелерін ішінара кепілдендіру бойынша 120 млн теңгеге
33 жаңа жобаға;
2022-2024 жылдарға арналған «Іскер қала» іс-шара жоспары шеңберінде 2025 жылға міндеттемелерді өтеуге бюджеттен 100,4 млн теңге бөлінген.
2025 жылдың қаңтар-наурыз айларына 10,2 млн тг субсидия,
17 млн тг өндірістік алаңдарының жалдау ақысы өтелді.
Шағын өнеркәсіптік аймақтар құрылысы
Сонымен, қатар, Шымкент қаласында шағын өнеркәсіп аймақтарды салу бағдарламасы шеңберінде құны 22,2 млрд теңгеге (ӨДҚ – 15,9 млрд тг, жеке инвестиция – 6,3 млрд тг) 76,1 мың ш.м. құрайтын 3 жоба іске асырылуда: «Orda NS Building» ЖШС, «Standard Steel KZ» ЖШС және «Энерготранс-3» ЖШС.
Бүгінгі таңда шағын өнеркәсіптік аймақтардың 1-кезеңінің құрылысына 9,8 млрд теңге бөлініп, 2025 жылдың 2-тоқсанында
44,8 мың ш.м. құрылысы аяқталады.
Шағын өнеркәсіптік аймақтардың іске асырылуының нәтижесінде 150-ден астам шағын кәсіпорындар ашылып, 500 адам жұмыспен қамтылады және бюджетке 1 млрд теңге салық түсімдері күтілуде.
2025 жылдың қаңтар-наурыз айларының қорытындысы бойынша қаланың бөлшек сауда көлемі 222,6 млрд теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 108,7% құрады.
Жыл соңына дейін бөлшек сауда көлемін 1 170,1 млрд теңгеге жеткізу күтілуде.
Аталған көрсеткішке жаңадан ашылатын 8 сауда ойын-сауық орталықтарының және 11 сауда үйлерінің құрылысы,
10 жаңа сауда нүктелері («GraMad» гипермаркеті) және базарларды модернизациялау жүргізу есебінен қол жеткізілетін болады.
Көтерме сауданың көлемі 3 149,7 млрд теңгені құрады немесе 115,6% құрады.
Жалпы сауда көлемі 5 390,8 млрд. теңгені немесе
112,6% құрады.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ЗАҢСЫЗ АЙНАЛЫМНАН 67 КЕЛІ ГАШИШ ТӘРКІЛЕНДІ

AdiletTV

Шымкенттегі полипропилен өндірісі жобасының инвестициялық және қаржылық аспектілері

AdiletTV

Город Шымкент: с 4 декабря камеры регистрируют среднюю скорость

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз