27.3 C
Shymkent
27 июля, 2025
adilettv

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДАҒЫ КРЕАТИВТІ ИНДУСТРИЯНЫ ДАМЫТУ ЖӨНІНДЕ 2025 ЖЫЛҒЫ АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 6 маусымдағы №448 қаулысымен бекітілген креативті индустрияға жататын 43 экономикалық қызмет түрлерінің (ОКЭД) тізбесіне сәйкес, ресми статистикалық деректер бойынша 2025 жылы Шымкент қаласында креативті индустрия саласында 2 300 кәсіпкерлік субъектісі тіркелген. Оның ішінде:
Жеке тұлғалар – 1 824,
Заңды тұлғалар – 476.
«Креативті индустрия ассоциациясы» және HUB орталығының құрылуы
Креативті индустрия субъектілерін қолдау және біріктіру мақсатында Шымкент қаласының Кәсіпкерлер палатасының негізінде «Креативті индустрия ассоциациясы» құрылды. Бүгінгі таңда аталған ассоциация құрамында 150-ден астам креативті индустрия өкілі тіркелген.
2025 жылдың 17 мамыры күні Шымкент қаласында «Shymkent Creative HUB» орталығының ашылуы өтті. Аталған хаб шеңберінде жыл басынан бері:
30-ға жуық шеберлік сағаттары,
шығармашылық кештер,
оқу семинарлар ұйымдастырылып, креативті салада еңбек ететін азаматтардың тәжірибе алмасуына, кәсіби дамуына жағдай жасалды.
Контент-мейкерлерге арналған оқыту іс-шарасы
Ағымдағы жылдың 9–11 маусымы аралығында «Shymkent Creative HUB» ғимаратында қала туризміне үлес қосатын контент-мейкерлерді қолдау мақсатында оқыту мастер-класы өткізілді.
Мастер-класстың алғашқы күні 30-дан астам қатысушы танымал видеограф әрі тревел-блогер Әділет Рахметолламен тәжірибе алмасып, кәсіби контент жасау әдістерін үйренді.
Қатысушылар үш күндік оқыту барысында:
қазіргі заманғы контент жасау тәсілдерін,
визуалды және медиа материалдарды сапалы өндіру жолдарын,
туристік бағыттағы контентті дұрыс жариялау әдістерін меңгерді.
Мастер-класс аясында Шымкент қаласының көрікті орындарын насихаттауға бағытталған тәжірибелік тапсырмалар мен кеңестер ұсынылды.
Республикалық дөңгелек үстел
Қала күніне орай, 2025 жылдың 19 маусымында «Shymkent Creative HUB» орталығында «Креативті индустрияны дамыту: адамдар, идеялар және кеңістік» тақырыбында республикалық дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Іс-шараға еліміздің түрлі өңірлерінен келген креативті индустрия өкілдері (креаторлар), медиа-мамандар мен контент өндірушілер қатысты. Олар шығармашылық индустриядағы трендтер, өңірлік даму тетіктері мен ынтымақтастық бағыттары бойынша өзара пікір алмасты.
Креативті өнімдер жәрмеңкесі
2025 жылдың басынан бері Шымкент қаласында креативті кәсіп иелерін қолдау мақсатында 16 жәрмеңке ұйымдастырылып, жалпы сомасы 3 068 000 теңгеге 1 534 дана өнім (қолөнер, кәдесыйлар, креативті тауарлар) сатылды.
Бұл бастама жергілікті шеберлер мен дизайнерлерге өз өнімдерін кең аудиторияға таныстыруға және табыс табуға мүмкіндік берді.
Қорытынды
Креативті индустрияны жүйелі дамыту, шығармашылық әлеуеті бар кәсіпкерлерді қолдау және инфрақұрылымдық жағдай жасау Шымкент қаласының экономикасының әртараптануына және жастар арасында кәсіпкерліктің дамуына оң ықпал етуде. Қала әкімдігі алдағы уақытта да бұл бағыттағы жұмыстарды жалғастыруды көздейді.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

РЕФЕРЕНДУМДА ЕҢ ДҰРЫС ШЕШІМ ҚАБЫЛДАНАДЫ

AdiletTV

2025 жылдың қорытындысымен шағын және орта кәсіпкерлікте жұмыспен қамтылғандар саны 244,6 мың адамға жетіп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 4,8%-ға өскен.

AdiletTV

ABAI UNIVERSITY: «ҚЫСҚЫ МЕКТЕП-2025» ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз