25.3 C
Shymkent
2 августа, 2025
adilettv

ЦИФРЛАНДЫРУ МЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СТАНДАРТТАРҒА КӨШУ: ШЫМКЕНТ ФАРМАЦИЯСЫНЫҢ ДАМУ БАҒЫТЫ

Шымкент қаласында медициналық және фармацевтикалық қызметтерді мемлекеттік реттеу және бақылау бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Бұл салада атқарылып жатқан шаралар цифрландыруды тереңдетуге, көрсетілетін қызмет сапасын арттыруға және халықаралық стандарттарға сәйкестікті қамтамасыз етуге бағытталған.
2025 жылдың алғашқы жартыжылдығында Шымкент қаласы бойынша санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті тарапынан көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны 14 421-ге жетті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда айтарлықтай өсімді көрсетеді. Мемлекеттік қызметтердің негізгі бөлігі медицина қызметкерлерін сертификаттау, лицензиялау, дәрілік заттар мен биологиялық материалдарды тасымалдауға рұқсат беру, сондай-ақ фармацевтикалық қызметпен айналысу құқығын рәсімдеуге бағытталған. Бұл көрсеткіштер медициналық және фармацевтикалық ұйымдардың заң талаптарын сақтау деңгейінің артқанын көрсетеді. Департаменттің маңызды бағыттарының бірі — GxP (Good Practices) халықаралық стандарттарының талаптарына сәйкестікті қамтамасыз ету. Бүгінгі таңда Шымкент қаласында 344 субъект пен 789 объект фармацевтикалық қызметпен айналысуда. Оның ішінде 318 субъектісі, яғни жалпы санының 77%-ы, тиісті GxP стандарттарына сай сертификатталған. Бұл дәрілік заттардың сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуде маңызды қадам болып табылады. 2024 жылғы 1 шілдеден бастап елімізде дәрілік заттарды таңбалау мен қадағалау жүйесі толыққанды енгізілді. Бұл жаңашыл механизм дәрілік заттардың заңды айналымын бақылауға, пациенттерді сапасыз және жасанды өнімдерден қорғауға, сондай-ақ әрбір дәрі-дәрмек қаптамасының қозғалысын өндірушіден түпкі тұтынушыға дейін нақты қадағалауға мүмкіндік береді. Шымкент қаласында бұл жүйеге қазіргі таңда 2 отандық өндіруші, 33 көтерме сауда ұйымы және 589 бөлшек сауда нысаны қосылған. Алдағы кезеңде бұл көрсеткіштің ұлғаюы күтілуде.Сонымен қатар, дәрілік заттардың қауіпсіздігі мен тиімділігі бойынша ақпараттық жүйелермен интеграцияланған мониторинг және есеп беру тетіктері енгізілуде. Бұл шаралар дәрілік қамтамасыз етуді басқаруды жеңілдетуге және сапаны бақылауды автоматтандыруға мүмкіндік береді.Департамент халықпен кері байланысты нығайтуға ерекше көңіл бөлуде. Тұрғындар денсаулық сақтау және дәрілік қамтамасыз ету мәселелері бойынша кеңесті ресми интернет-ресурс, әлеуметтік желілер, Call-орталық немесе азаматтарды жеке қабылдау арқылы ала алады. Цифрландыру, халықаралық тәжірибені енгізу, бақылау және мониторинг тетіктерін жетілдіру — бұл Шымкент қаласының фармацевтикалық инфрақұрылымын жаңғыртудағы маңызды басымдықтардың бірі. Алдағы уақытта аталған бағыттағы жұмыстар одан әрі жалғасып, халықтың өмір сүру сапасын арттыруға үлес қоспақ.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Г. Шымкент: АПБ Туран с начала года выявлено 16 тыс. 824 административных правонарушений.

AdiletTV

Карты «Ата жолы»: этнические казахи со всего мира используют возможность интеграции с исторической родиной

AdiletTV

КИБЕРБЕЗОПАСНОСТЬ НА ПЕРВОМ МЕСТЕ: МЕМОРАНДУМ МЕЖДУ ГОСКОРПОРАЦИЕЙ «ПРАВИТЕЛЬСТВО ДЛЯ ГРАЖДАН» И TSARKA

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз