Шымкент қаласында соңғы жылдары құрылыс қарқыны артып, нақты нәтижелермен көріне бастады. 2025 жылдың алғашқы 8 айындағы мәліметтер бойынша қаладағы құрылыс, инженерлік инфрақұрылымды дамыту, тұрғын үй қорының сапасын арттыру және әлеуметтік нысандар салу бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Бұл Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауында көрсетілген тапсырмаларды жүйелі түрде іске асырудың нақты көрінісі болып отыр.
Бозарық шағынауданы – жаңа өмір сүру кеңістігі
Бозарық шағынауданындағы құрылыс жұмыстары 2023 жылдан бері белсенді жүргізілуде. 2023–2025 жылдар аралығында жалпы ауданы 300 мың шаршы метрді құрайтын 81 көпқабатты тұрғын үй салу жоспарланған. Бұл — шамамен 3 700 пәтер.
2023 жылы – 18 үй (704 пәтер) пайдалануға берілді.
2024 жылы – 27 үй (1134 пәтер) аяқталды.
2025 жылы – қалған 36 үйдің 16-сын аяқтау жоспарлануда.
Бозарықта тек тұрғын үй емес, сонымен қатар 6 инфрақұрылымдық жоба (су, жылу, кәріз, электр желілері) да қатар жүргізіліп жатыр. Аула алаңдарын абаттандыру, көгалдандыру және жол құрылысы жұмыстары да қамтылған.
Қаржылық көрсеткіштер
2024 жылы Шымкент қаласының тұрғын үй және инфрақұрылым саласына:
Жалпы 128,96 миллиард теңге бөлінді. Оның ішінде:
45,74 млрд теңге – тұрғын үй құрылысына,
8,05 млрд теңге – инженерлік желілерге,
52,12 млрд теңге – көгалдандыру мен абаттандыру жобаларына бағытталды.
2025 жылы бұл бағытқа:
34,6 миллиард теңге көлемінде қаражат қарастырылған.
Бұл көрсеткіштер Бозарық секілді жаңа тұрғын массивтердің қалыптасуына, тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға, әрі қаладағы құрылыс мәдениетін жүйелі дамытуға мүмкіндік береді.
Тұрғын үй қорын жаңғырту және реновация
2025 жылдың басынан бері:
50 құрылыс ақауы анықталып, толықтай жойылды.
(2024 жылы – 656 ақау анықталып, мердігерлер есебінен жөнделген.)
66 ескі және апатты үйді бұзу және тұрғындарды көшіру жұмыстары бойынша жол картасы бекітілді.
Реновация нәтижесінде 10 тұрғын үй (113 пәтер) иелері жаңа баспанаға көшірілді.
2021 жылдан бері 233 көпқабатты тұрғын үйге техникалық сараптама жасалды:
68-і – сейсмоукрептеу қажет,
67-сі – апатты деп танылды,
98-і – қанағаттанарлық жағдайда.
Әлеуметтік және мәдени инфрақұрылым
2025 жылдың соңына дейін қалада:
16 жаңа мектеп,
студенттерге арналған жатақхана,
Оқушылар сарайы,
спорт кешені, мәдениет орталығы,
мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған оңалту орталығы,
Қан орталығының жаңа корпусы,
Төтенше жағдайлар қызметтеріне арналған бірнеше нысан пайдалануға берілмек.
Бұл жобалар келешек ұрпаққа сапалы білім, спортпен шұғылдану, мәдени іс-шараларға қатысу мүмкіндігін кеңейтеді.
Шымкент қаласында жүргізіліп жатқан құрылыс және инфрақұрылымдық жобалар – бұл жай ғана нысандарды салу емес, бұл – сапалы, қауіпсіз және ыңғайлы қалалық ортаны қалыптастыру. Инвестициялық белсенділік, мемлекеттік бағдарламалар мен жергілікті басқару органдарының үйлесімді жұмысы арқасында қала мегаполис ретінде қарқынды дамып келеді.
Бозарықтың мысалында Шымкенттің қала құрылысы саясаты – болашаққа негізделген, ұзақ мерзімді және адамға бағытталған трансформация екенін көруге болады. Жаңа нысандар, инженерлік желілер және әлеуметтік инфрақұрылым – қаланың экономикалық және әлеуметтік тұрақтылығының кепілі.
Келесі пост