30.8 C
Shymkent
15 июля, 2026
adilettv

ҚАЗАҚСТАН – БІРЛІК ПЕН ТАТУЛЫҚТЫҢ АЛТЫН БЕСІГІ!

Тарих толқынында халқымыз талай зобалаңды, талай сындарлы кезеңдерді бастан өткерді. Бірақ қандай қиындық болса да, ғасырлар көшінде жасампаздықпен алға қадам басып, гүлдену жолынан айныған емес. Сол күрес пен төзімнің, елдік пен парасаттың арқасында қазақ халқы тәуелсіздігін алып, бейбіт өмірдің тәтті дәмін татты. Ал осы жетістіктің түп-тамыры – ел ішіндегі бірлік, татулық және тұтастықта жатыр.
Бүгінде қазақ жерінде татулығы жарасқан 130-дан астам ұлт өкілі бір шаңырақ астында өмір сүріп жатыр. Олардың жүрегін бір арман, бір мақсат, бір сенім байланыстырады – ол сенімнің аты Қазақстан.
Егер бір арманы мен ортақ мақсаты бар, келешекке бір көзқараспен қарайтын, ынтымағы жарасқан халық болмаса, еліміз бүгінгі деңгейге жете алмас еді. Бүгінгі таңда әлем көз тіккен Қазақстан көк аспан астында бейбіт өмірдің тұғырын биік ұстап келеді. Өйткені, бұл елде – бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығаратын жігерлі ұлдар, ибалы қыздар және ақылман қарттар бар.
Жыл сайын дүркіретіп атап өтетін 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні осының айқын дәлелі. Бұл – түрлі ұлт өкілдерінің достық мерекесі ғана емес, халқымыздың берік бірлігінің символы.
#МирИСогласие #ЗаМир #МыВместе #PeaceAndHarmony #PeaceForAll #TogetherForPeace #ҚХА30жыл #АНК30лет #APK30years #АНК #ANK

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ШЫМКЕНТТІК ДӘРІГЕРЛЕР БҮЙРЕК ТАСЫН АЛУ БОЙЫНША ЗАМАНАУИ ОТАНЫ СӘТТІ ЖАСАДЫ

AdiletTV

ШЫМКЕНТТІК ФРИСТАЙЛШЫЛАР 2026 ЖЫЛҒЫ ҚЫСҚЫ ОЛИМПИАДА ОЙЫНДАРЫНА ЖОЛДАМА ЖЕҢІП АЛДЫ

AdiletTV

город Шымкент: Незаконный игорный бизнес

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз