adilettv

Мемлекет басшысы Үкіметке бірқатар тапсырма берді:

– Алдағы бес жылда қуаты 6,3 гигаватт болатын «жасыл» энергия нысандарын іске қосу жоспарланған. Бұл қадам еліміздегі жасыл энергияның үлесін едәуір арттырады.

– Екінші, тіпті үшінші атом электр станциясының құрылысын қазірден бастап жоспарлай беруіміз керек.

– Елдегі азық-түлік нарығының импортқа тәуелділігін барынша азайту – Үкіметтің стратегиялық міндеті. Әрине, өзімізді өзіміз жүз пайыз қамтамасыз етуіміз мүмкін емес, бәлкім, оның қажеті де жоқ шығар. Бірақ, нарықтағы қазіргі жағдайды айтудың өзі ұят.

– 2022 жылдан бері жалпы аумағы 13,5 миллион гектардан астам жер қайтарылды. Бірақ, әкімдіктер соның 6 миллион гектарын ғана жаңа жер игерушілерге бөліп берген. Иесін тапқан жер өндірістің ошағына, инвестиция көзіне, қайнаған еңбектің ортасына айналуы қажет.

– Әкімдіктер қайтарылған жердің бәрін келесі жылдың ортасына дейін тұрақты айналымға енгізуі керек. Бұл шара арқылы жайылым тапшылығы мәселесі де шешілуге тиіс.

– Жерді бөлуге қатысты шешім цифрлық форматта, электронды конкурстар арқылы қабылдануға тиіс. Үкімет жыл соңына дейін заңнамаға тиісті өзгертулер ұсынуы қажет.

– Жасанды интеллектіні қолданып, ауыл шаруашылығы жерлеріне спутникпен мониторинг жасаудың тиімділігін арттыру керек.

– Жаңа Салық кодексі қазіргі нормалар мен рәсімдерді өзгертумен шектелмеуі керек. Бұл құжат салық төлеушілердің ашықтық пен адалдыққа негізделген жаңа таным-түсінігі мен болмысын қалыптастыруға тиіс.

– Салықтан түскен әр теңге халықтың игілігіне жұмсалуға тиіс.

– Қашықтан оқыту тәсілі және жасанды интеллект технологиясы негізінде «Qazaq Digital Mektebi» атты шағын жинақты мектеп үлгісін әзірлеуіміз қажет.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Шымкент қаласы: ҮМІТ, СЕНІМ АЛҒА ЖЕТЕЛЕЙДІ!

AdiletTV

ПОЛИЦИЯ ЖЕР ҚОЙНАУЫН ЗАҢСЫЗ ПАЙДАЛАНУҒА ҚАТЫСТЫ 164 ЖҮК КӨЛІГІН АЙЫПТҰРАҚҚА ҚОЙДЫ

AdiletTV

Шымкент қаласы: Тұран АПБ қарасты №66 шы УПП-нің әкімшілік аумағында зорлық-зомбылық тақырыбында жыл басынан бері ауқымды жұмыстар жасалды.

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз