adilettv

Қызмет пен өмірлік жолдың өнегесі

Мемлекеттік қызмет – әрбір азаматтан адалдықты, жауапкершілікті және тынымсыз еңбекті талап ететін абыройлы міндет. Осы саланың қиындығы мен жауапкершілігін абыроймен арқалап, ел игілігі үшін ұзақ жылдар бойы еңбек еткен Исабек Қуаныш Қашқынұлы бүгінде Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінен зейнеткерлікке қадам басып отыр.
Қуаныш Қашқынұлы өз қызмет жолын 1984 жылы Жамбыл облысындағы «Бірлік» элеваторының бас есепшісі қызметінен бастап, қажырлы еңбегімен, табандылығы және білім-біліктілігімен биік белестерді бағындырды.
1987 – 1998 жылдар аралығында түрлі ревизорлық қызметтер атқарып, ал 1998 жылдың қыркүйек айынан бастап бүгінгі күнге дейін кеден қызметі мен мемлекеттік кірістер органдарында түрлі лауазымды қызметтерді абыроймен атқарып келді.
Осылайша, өзінің бүкіл еңбек жолын қаржы саласына арнап, еліміздің қаржы жүйесінің қалыптасуына өз үлесін қосқан іскер әрі білікті маман ретінде көрсете білді.
Атап айтқанда, Қазақстан Республикасы кеден органдарында есімі үлкен әріппен жазылатын өз ісінің майталмандарының алғы шебінде жүрді.
Ел экономикасының дамуына сіңірген еңбегі үшін лайықты бағасын да алып, талай мәрте саланың мақтау қағаздары мен құрмет грамоталарына ие болып, «мемлекеттік кірістер органдарының үздігі» төсбелгісімен де марапатталған болатын.
Әріптестеріне қамқор, жастарға бағыт-бағдар беріп, ұжымда әрдайым сыйлы жан бола білді. Жастарға тәлімгер ретінде де маңдай терін төгіп, талай білікті мамандар тәрбиелеп шығарды.
Жұмыс барысында ол халықпен етене араласып, ел мүддесін бәрінен жоғары қойды. Жүргізген істері мен қабылдаған шешімдері қоғам игілігіне қызмет етті.
Оның еңбек жолы – жас буынға үлгі, болашаққа бағдар боларлық тағылымды өмір болып табылады.
Қадірлі әріптесімізге ұзақ ғұмыр, мықты денсаулық, отбасының амандығын тілейміз. Зейнеткерлікке шығу – еңбектің еленгені, өмірдің жаңа белесі. Бұл белес әрдайым қуанышқа, бақытқа толы болсын!

Шымкент қаласы бойынша
Мемлекеттік кірістер
департаментінің басшысының
орынбасары – Әдеп жөніндегі уәкілі Е.Өзбеков

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ҚАЛА ӘКІМІ ТАРИХИ ЖЕҢІСКЕ ЖЕТКЕН СПОРТШЫЛАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ

AdiletTV

По итогам 2024 года количество занятых в сфере малого и среднего предпринимательства достигло 244,6 тыс. человек, что на 4,8% больше по сравнению с соответствующим периодом прошлого года.

AdiletTV

Түркістан облысы: Ордабасы аудандық ауруханасында адам папиллома вирусының қауіпті тұстарын ескертті!

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз