adilettv

ПОЛИЦЕЙЛЕР КҮДІКТІЛЕРДЕН ІРІ КӨЛЕМДЕ «СИНТЕТИКА» ТӘРКІЛЕДІ

Маңғыстау облысында полицейлер күдіктілерден ірі көлемде «синтетика» тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz. «Қарасора – 2025» және «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шараларының аясында Маңғыстау облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері синтетикалық есірткі заттарын сақтау және өткізу арнасын тоқтатты.
Жедел-тергеу іс-шарасы барысында Ақтау қаласында полицейлер альфа-PVP және мефедрон түріндегі синтетикалық есірткінің ірі партияларын тәркіледі. Тәркіленген есірткі заттарының жалпы салмағы 550 грамм көлемінде болды. Сонымен қатар есірткіні өлшеу мен буып-түюге арналған электронды таразылар, түссіз қаптамалар және басқа да заттай дәлелдер алынды. Аталған дерек бойынша бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Полицейлер қажетті тергеу амалдары жалғастырып жатыр.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

30 НАУРЫЗ – ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЛДЫҚСЫЗ КҮН

AdiletTV

БІРНЕШЕ ДҮРКІН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ СЕРІК СӘПИЕВТІ ОРЫНБАСАРЫ СОҚҚЫҒА ЖЫҚҚАН

AdiletTV

Шымкент қаласы: Есірткімен күрес жұмыстарында ешкім шетте қалмауы тиіс

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз