16.3 C
Shymkent
11 октября, 2026
adilettv

«ШЫМКЕНТ АҚПАРАТ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ» БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

«Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС директоры болып Динар Нахыпбекқызы Керім тағайындалды. Серіктестік ұжымына жаңа басшыны Шымкент қаласының Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы басшының міндетін уақытша атқарушы З.Усупахметов таныстырды.
Динар Нахыпбекқызы Керім — 1995 жылы Түркістан облысында дүниеге келген. Білімі жоғары. І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетін Журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолы:
2015-2017 жж. — «Жетісу» телеарнасында редактор, диктор;
2017-2018 жж. — Алматы облысының Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасында баспасөз хатшысы;
2018-2019 жж. — Қазақстан ұлттық арнасында атқарушы продюсер, «Оңтүстік» телеарнасында жаңалықтар қызметінің тілшісі, диктор;
2019-2020 жж. — Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының Баспасөз қызметінің жетекшісі;
2020-2025 жж. — «Қазақ газеттері» ЖШС, Интернет редакциясын басқарған.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 23 маусымдағы жарлығымен «Шапағат» медалімен наградталған.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Шымкент қаласы: Абай АПБ ЖПҚ №9тірек пунктін тұрғындар арасында интернет алаяқтық қылмысынан сақ болу үшін жарнамалар таратылып ескеру жұмыстары жүргізілуде.

Admin

ПОЛЬШАНЫҢ ІРІ КӘСІПКЕРЛЕРІНІҢ БІРІ ШЫМКЕНТТЕ ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ ЗАУЫТ САЛАДЫ

Admin

ҚАЙРАТ САТЫБАЛДЫ МЕН ОНЫҢ ӘЙЕЛІНІҢ ФРАНЦИЯДАҒЫ ПӘТЕРЛЕРІ САТЫЛЫМҒА ШЫҒАРЫЛДЫ

Admin

Пікір қалдырыңыз