adilettv

ЕСІРТКІ САУДАСЫМЕН АЙНАЛЫСҚАН ИНТЕРНЕТ-ДҮКЕН ИЕСІ ҰСТАЛДЫ

Қарағанды облысында есірткі саудасымен айналысқан интернет-дүкен иесі ұсталды, — деп хабарлайды Polisia.kz. Қарағанды облысында есірткі заттарының заңсыз айналымына қарсы бағытталған жедел іс-шара барысында полицейлер ірі интернет-дүкеннің иесін ұстады. Полиция департаменті «Заң мен тәртіп» қағидатын жүзеге асыру шеңберінде есірткі қылмыстарын анықтау және олардың алдын алу бойынша кешенді жұмыстарды жалғастыруда. «Қарасора» жедел алдын алу іс-шарасы кезінде Теміртау қаласында 20 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды. Ол интернет арқылы есірткі заттарын таратты деген күдікке ілінді.
Жеке тінту барысында күдіктіден екі iPhone телефоны, 200 мың теңге көлемінде ақша және шамамен 2 грамм ұнтақ тәрізді зат табылып, тәркіленді. Сонымен қатар оның тұрғылықты мекенжайын тінту кезінде жалпы салмағы 100 грамға жуық, ақшыл сары түсті ұнтақ салынған 51 түйіншек анықталды. Тергеу нәтижесінде ұсталған азаматтың есірткі сатумен айналысқан интернет-дүкеннің иесі екені дәлелденді. Ол төрт ай бойы заңсыз қызмет жүргізіп, тыйым салынған заттарға төлемді криптовалюта арқылы қабылдап отырған. Сондай-ақ оның қала аумағында бірнеше есірткіге жасырын орындар ұйымдастырғаны белгілі болды. Қазіргі уақытта полицейлер осы қылмысқа қатысы бар өзге тұлғаларды анықтауға бағытталған тергеу амалдарын жалғастыруда. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДАҒЫ КРЕАТИВТІ ИНДУСТРИЯНЫ ДАМЫТУ ЖӨНІНДЕ 2025 ЖЫЛҒЫ АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР

AdiletTV

Шымкент қаласы: Тәжірибелік фармацияның өзекті мәселелері бойынша дөңгелек үстел өтті

AdiletTV

ДОНОР БОЛЫП, ӨЗГЕГЕ ӨМІР СЫЙЛА!

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз