adilettv

ТҰРҒЫН ҮЙ АУЛАСЫНДА ЖАППАЙ ТӨБЕЛЕС БОЛДЫ

Алматының Алатау ауданында бір топ адам арасында жанжал болды.Әлеуметтік желіде оқиғаның бейнежазбасы тарады. Ондағы мәліметке сәйкес, төбелес «Каспий» тұрғын үй кешенінде болған.Қалалық полиция департаменті жанжалға қатысқан күдіктілер ұсталғанын хабарлады.

Алатау аудандық полиция басқармасы бұзақылық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғаған.Оқиғаға қатысқан 6 адамның барлығы анықталып, ұсталды және уақытша ұстау изоляторына қамалды. Күдіктілерді қылмыстық жауапкершілікке тартуға бағытталған кешенді тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Мұндай әрекеттер қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін өрескел бұзады, — деді Алатау аудандық полиция басқармасының бастығы Еділхан Байғараев.Еске салайық, бұған дейін Алматыдағы түнгі клубтардың бірінде жөспірімдер жанжал шығарды. Сондықтан балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін ата-аналарына қатысты әкімшілік шара қолданылды. Ал жасөспірімдердің өздері профилактикалық есепке алынды.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

АЛМАТЫДАҒЫ КИНОТЕАТРДА ПОПКОРНҒА ҚАҚАЛҒАН 29 ЖАСТАҒЫ ЖІГІТ КӨЗ ЖҰМДЫ

AdiletTV

МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘНЕ ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ БАҚЫЛАУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЖАҢАШЫЛДЫҚТАР МЕН БАҚЫЛАУ ШАРАЛАРЫ ТҰРАҚТЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

AdiletTV

«ӨЗІНЕ ҚОЛ ЖҰМСАЙТЫНЫН АЙТҚАН ОҚУШЫЛАР БАР»: АЙМАҒАМБЕТОВ МЕКТЕП БІТІРУ КЕШІНЕ ТЫЙЫМ САЛУ МӘСЕЛЕСІНЕ ҚАТЫСТЫ ПІКІР БІЛДІРДІ

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз