adilettv

ШЫМКЕНТТЕ «SHYMKENT DIGITAL CUP 2025» ФУТБОЛ ТУРНИРІ ӨТТІ

Цифрландыру және ақпараттық технологиялар қызметкерлерінің күніне орай Шымкент қаласында «SHYMKENT DIGITAL CUP 2025» атты футболдан дәстүрлі турнир өтті. Жарысқа цифрландыру және ақпараттық технологиялар саласының қызметкерлері қатысып, командалық есепте бақ сынады. Турнирдің негізгі мақсаты IT және цифрлық сала мамандары арасындағы ынтымақтастықты арттыру, серіктестікті дамыту және салауатты өмір салтын насихаттау. 2022 жылдан бастап Цифрландыру және ақпараттық технологиялар қызметкерлерінің күні 10 қарашада кәсіби мереке ретінде аталып келеді. Биылғы турнирде жанкүйерлердің қолдауы, командалардың ұрандары және спорттық көңіл-күй ойын алаңын қыздыра түсті. Ашылу салтанатында қалалық цифрландыру басқармасының басшысы мен серіктес мекемелердің жетекшілері қатысып, қатысушыларға жылы лебіз білдірді.
Шымкент қаласы цифрландыру басқармасының басшысы Мұхит Кемелов сөз сөйлеп, турнирдің маңыздылығын атап өтті.
— Биылғы жарысқа 10 команда және 100-ге жуық цифрландыру саласының қызметкерлері қатысты. Атап айтқанда, Sergek Group, AlmaTV, Kcell5G, АзияСервис, «Қазақтелеком» АҚ, Цифрландыру басқармасы, Nitec, Транстелеком, «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС, Qnetworks сияқты серіктес ұйымдар белсенділік танытты. Барлық ойыншы алдын ала медициналық тексерістен өтіп, турнирге толық дайындықпен шықты,-дейді Мұхит Кемелов.
Турнир барысында қатысушылар өзара бақ сынап, тартысты ойын көрсетті. Жарысқа қатысқан қызметкерлер мұндай іс-шаралар сала мамандары арасындағы байланыс пен достықты нығайтуға үлкен үлес қосатынын атап өтті.
Айта кетсек, «SHYMKENT DIGITAL CUP» турнирі Шымкент қаласында биыл үшінші рет ұйымдастырылып отыр. Жарыс қорытындысы бойынша үздік ойыншылар мен жеңімпаз командалар арнайы қаржылай сыйлықтар мен марапаттарға ие болды. Турнир IT саласының өкілдерін біріктіріп қана қоймай, қалалық спорт мәдениетін дамытуға да өз үлесін қосты. Іс-шара спорт, достық және әріптестік құндылықтарын ұштастырған жарқын мереке ретінде есте қалды.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Кәсіпкерлерге сертификат алу туралы түсіндірілді

AdiletTV

БІРЛІК ПЕН ДОСТЫҚ – ҚОҒАМ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫНЫҢ ТІРЕГІ

AdiletTV

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ МӘЖІЛІС ТӨРАҒАСЫ ЕРЛАН ҚОШАНОВТЫ ҚАБЫЛДАДЫ

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз