adilettv

3 ЖАҢА ӨРТ СӨНДІРУ БЕКЕТІ АШЫЛДЫ

Түркістан облысының Сайрам ауданында екі бірдей жаңа өрт сөндіру бекетінің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Ашылу салтанатына ҚР Төтенше жағдайлар министрі, генерал-лейтенант Шыңғыс Әрінов, Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров, облыстық ТЖД бастығы, полковник Асқар Төлешев, Сайрам ауданының әкімі Мадияр Оразалиев, сондай-ақ, ардагерлер мен жергілікті тұрғындар қатысты.
Бұл бекеттер «Ауыл құтқарушылары» бағдарламасы аясында іске қосылған 5 жаңа нысанның қатарында. Олар өңір тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, өрт пен төтенше жағдайлардың алдын алуға зор мүмкіндік береді.Қарамұрт ауылындағы жаңа бекет 20 мыңға жуық тұрғыны бар Қарамұрт, Низамабад және Аққала ауылдарының тұрғындарын өрт және басқа да төтенше жағдайлардан қорғауға бағытталған.Ал Құтарыс ауылындағы өрт сөндіру бекеті 8 мыңға жуық тұрғыны бар 6 елді мекенді қамтиды. Ордабасы ауданындағы бекетке келсек, мұнда да өрт сөндірушілерге қолайлы жағдай жасалған. Арнайы техника мен құрал-жабдықтармен қамтылған. Бөген ауылындағы бұл бекет те өрт қауіпсіздігін сақтауға үлес қоспақ.
Салтанатты шарада ҚР Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов құттықтау сөз сөйлеп, өңірде азаматтық қорғаныс жүйесін жетілдіруге бағытталған жұмыстарға оң баға берді. Министр ауылдық жерлерде жаңа өрт сөндіру бекеттерін салудың маңыздылығын атап өтіп, Түркістан облысы әкімдігі мен ТЖД қызметкерлеріне алғыс білдірді..
Облыс әкімдігі қызмет жағдайларды жақсартуға, техникалық базаны нығайтуға және бұл салаға тұрақты қолдау көрсетуге басымдық береді. Соңғы 2 жылда төтенше жағдай қызметіне облыс бюджетінен 30-ға жуық техника алынды. Сондай-ақ Сауран және Төлеби аудандарында жалпы құны 1 млрд 612 млн теңгені құрайтын екі өрт сөндіру бөлімі пайдалануға берілді.Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын таппақ.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Өндіріс пен өңдеудегі серпін: Шымкенттегі жаңа индустриялық жобалар (2025–2029)

AdiletTV

ҚАРАУСЫЗ ҚАЛҒАН ҚОҚЫС ПОЛИГОНЫ

Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: компаниялар мен қонақүйлер сапа сертификатын алды

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз