35.3 C
Shymkent
31 мая, 2026
adilettv

ШЫМКЕНТТЕ ТЕҢГЕ ІЛУДЕН ФЕДЕРАЦИЯ КУБОГЫ БӘСЕКЕСІ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Шымкент қаласындағы жаңа атшабарда теңге ілуден Федерация Кубогы бәсекесі өтіп жатыр. ҚР Туризм және спорт министрлігі мен Шымкент қаласының әкімдігі бірлесе ұйымдастырған жарыстың маңызы өте зор. 12-13 қараша аралығына жоспарланған сайысқа 18-ге толған және одан жоғары жас аралығындағы еліміздің барлық өңірінен үздік спортшылар қатысады.
Федерация кубогы жарысы елімізде алғаш рет өткізілді. Республикалық Теңге ілу Федерациясының атқарушы директоры Айбек Түркебайдың айтуынша, ұлттық спортты дамыту мақсатында ендігі ретте жыл сайын ұйымдастыру жоспарланып отыр. Бұл жарыс спортшыларға өздерінің мықтылығын дәлелдеуге зор мүмкіндік. Жарыстың тұрақты түрде өтуі теңге ілу спортының дамуына оң септігін тигізеді. Жарыстың Бас серіктесі – «Самұрық Қазына» АҚ, ал, серіктесі «Sportqory» спортты қолдау қоры және «AlemAgro» компаниясы.
12 қараша күні «Жеті құт», «Бес белес» стильдері бойынша үздіктер анықталады. Ертең «Қос құлаш» стилінің жеңімпазы және 3 стиль бойынша үздіктер жарысып, Үздік теңге ілуші атағы сарапқа салынады.
Шаһарда жаңадан ашылған ипподром ұлттық спорт сайыстарының ордасына айналып келеді. Қала тұрғындары бұған дейін теңге ілуден тұңғыш әлем чемпионаты, Азия кубогы сынды жарыстарды тамашалады. Халықаралық жарыстардың тұрақты түрде өтуі теңге ілу спортының халықаралық дәрежеде үлес қосады.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

«Арбат» жаяу жүргіншілер аллеясында «Street Food Fest» көше тағамдарының фестивалі ұйымдастырылды

AdiletTV

ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА ЕКІ ҚАБАТТЫ ҮЙ ӨРТЕНІП, 12 АДАМ ҚАЗА ТАПТЫ

AdiletTV

АТЫРАУДАҒЫ БІР ОТБАСЫНЫҢ ҚАЗАСЫ: МЕЙРАМГҮЛ МЕН НАУРЫЗДЫ ЖАҚЫНДАРЫ АҚТЫҚ САПАРҒА ШЫҒАРЫП САЛДЫ

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз