adilettv

ШЫМКЕНТТЕ УЛЫ ГАЗДАН УЛАНУДЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖҰМЫСТАРЫ КҮШЕЙТІЛДІ

Шымкент қаласында жылыту маусымының басталуына орай, тұрғын үйлердегі өрт қауіпсіздігі және улы газдан уланудың алдын алу бойынша арнайы түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. Бүгін Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар департаменті Абай ауданы Қайнарбұлақ тұрғын алабында кезекті ақпараттық-түсіндіру іс-шарасын өткізді.
Қысқы жылыту маусымы кезеңінде улы газдан уланудың алдын-алдын алудың маңызы зор. Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаменті мемлекеттік өрт-бақылау басқармасының бастығы Нұрболат Педен қазіргі уақытта улы газдан улану жағдайлары жиілегенін айтады. Сол себепті де, тұрғындарға арнайы түсіндіруме жұмыстарын жүргізу басты назарда тұр. Жалпы елді мекендерде жылыту пештерінің мұржалары 3 айда бір рет тазалануы қажет.
— Жылыту маусымы басталғалы улы газдан улану жағдайлары жиілеп тұр. Тұрғындар қауіпсіздік талаптарын біліп, пешті дұрыс қолдану керек. Қайнарбұлақ елді мекенінде пешті пайдаланатындар көп. Сондықтан да осы аумақта түсіндіру іс-шаралары қарқынды атқарылып жатыр. Жалпы, бүгін Әл-Фараби, Еңбекші аудандарында да өткізілуде, — дейді Нұрболат Педен.
Жоспарға сәйкес, Төтенше жағдайлар департаменті және «Газ техникалық қызметі» мекемесі қызметкерлері бірлесе Қайнарбұлақ тұрғын алабында азаматтарға ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, жаднамалар таратты. Мамандар тұрғындарға газосигнализатор, желдеткіш құрылғысын орнатып, ал пеш жаққан кезде мұржаны үш айда бір рет тазалап тұру қажет екенін ескертті. Арнайы құрылғымен мұржаларды тазарту жұмыстары да жүргізілді.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Шымкенттегі индустриялық және арнайы экономикалық аймақтардың дамуы мен инвестициялық жобалар

AdiletTV

ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫ АРАСЫНДА ТҰРМЫСТЫҚ ГАЗДЫ ҚАУІПСІЗ ПАЙДАЛАНУ МӘДЕНИЕТІН АРТТЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

AdiletTV

ҚАЗАҚСТАНДА СПОРТТЫҚ АТУДАН XVI АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫ ӨТЕДІ!

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз