adilettv

ПРЕЗИДЕНТТІҢ ПІКІРІНШЕ, СИРЕК КЕЗДЕСЕТІН МЕТАЛДАРДЫ ӨНДІРУ ЖӘНЕ ӨҢДЕУ САЛАСЫНДАҒЫ СЕРІКТЕСТІК ПЕРСПЕКТИВТІ БАҒЫТТЫҢ БІРІ САНАЛАДЫ

Қасым-Жомарт Тоқаев жаңадан құрылатын Жұмыс тобынан барлық аспектіні мұқият зерделеп, өзара тиімді ынтымақтастықты жолға қоюға қатысты ұсыныс беруді сұрады.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы көлік-транзит саласындағы ықпалдастықты кеңейтудің стратегиялық сипатына тоқталды. Атап айтқанда, тарифтерді оңтайландыру, әкімшілік кедергілерді азайту шаралары қабылданып, шекара маңы инфрақұрылымын дамыту және өткізу бекеттерін жаңғырту жұмыстары қолға алынды.

Қасым-Жомарт Тоқаев екі ел үкіметтері логистикалық тізбектің барлық қатысушысына оңтайлы жағдай туғызып, инфрақұрылымдық, нормативтік және институционалдық міндеттерді шешуі қажет деп санайды.

Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы Транскаспий халықаралық көлік бағдарын, Солтүстік – Оңтүстік дәлізін, сондай-ақ Ауғанстан арқылы теміржол бағытын дамыту аясындағы тиімді ықпалдастықты жалғастыру өзекті екенін айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев өзбек тарапын Транскаспий халықаралық көлік бағытын бірге өркендету үшін Ақтау және Құрық порттары бойынша серіктестік құрып, логистикалық жобаларды жүзеге асыруға шақырды.

Қазақстан Президенті су-энергетика саласындағы конструктивті ынтымақтастық аса маңызды екенін жеткізді. Өйткені трансшекаралық өзендердің су ресурсын рационалды пайдалану – екі елдің тұрақты прогресіне ықпал ететін басты факторлардың бірі.

Бұл орайда Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Өзбекстан үкіметтеріне су шаруашылығы саясатындағы тәсілдерді үйлестіру үшін жүйелі шаралар әзірлеуді ұсынды.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Шымкентте «аула ішіндегі кездесу» республикалық акциясы аясында полиция қызметкерлері халықпен кездесу өткізілді.

AdiletTV

МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘНЕ ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ БАҚЫЛАУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЖАҢАШЫЛДЫҚТАР МЕН БАҚЫЛАУ ШАРАЛАРЫ ТҰРАҚТЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

AdiletTV

Шымкент қаласы: Абай АПБ тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша, заңдарын түсіндіріп,ақпараттық материалдар үздіксіз таратылды

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз