adilettv

«Silk Way Star» халықаралық вокалдық байқауы мәресіне жетті

Кеше еліміз үшін үлкен жоба – «Silk Way Star» халықаралық вокалдық байқауы мәресіне жетті. Аталған жоба Қазақстан Республикасы Президентінің Телерадиокешені мен China Media Group (CMG) арасындағы келісім аясында жүзеге асырылды. Бұл туралы ОКҚ алаңында «Jibek Joly / Silk Way» телеарнасының басқарушы директоры Еркежан Күнтуған хабарлады.
«Жалпы, жобаның негізгі мақсаты – Жібек жолының бойындағы елдердің мәдениетін байланыстыру, жандандыру. Қыркүйектің 20-сы күні алғашқы бөлім көрермен назарына ұсынылды», – деді спикер баспасөз конференциясында.
Оның айтуынша, Silk Way Star жобасы 10 бөлімнен тұрды. Апта сайын 12 елдің қатысушысы түрлі тақырыпта өнер көрсетіп, өз мәдениетін таныстырды, өз елдерінің әнін орындады. Қазақтың халық әндерін және Қазақстанның жас өнерпаздарының туындыларын шырқады. Бұдан бөлек, Silk Way Star жобасы Қырғызстан, Әзербайжан, Моңғолия, Өзбекстан, Грузия, Армения телеарналарынан көрсетілді. Ал 22 қарашада өткен финал бес елде тікелей эфирде тарады. «Jibek Joly» телеарнасында жоба қазақ тілінде көрсетілсе, Silk Way телеарнасында ол алты тілде ұсынылды.
«Silk Way телеарнасында тікелей эфир сигналымызды алып жатқан сырт елдердің барлығы синхронды аударма арқылы қырғыз, өзбек, ағылшын, түрік тілдерінде жобаны көрсетті», – деді Еркежан Күнтуған.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың су тасқыны салдарынан қалыптасқан ауыр жағдайға байланысты үндеуі

AdiletTV

город Шымкент; Абай УПР Республиканская акция «16 дней против насилия»

AdiletTV

Шымкент қаласы: Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру мекемелерінде нашақорлықтың алдын алу жұмыстары жалғасуда

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз