24.3 C
Shymkent
29 августа, 2026
adilettv

ПАТРУЛЬДІК ПОЛИЦИЯ ШЕТЕЛДІК АЗАМАТТАРҒА КӨМЕК КӨРСЕТТІ

Алматы – Өскемен трассасында патрульдік полиция шетелдік азаматтарға көмек көрсетті, – деп хабарлайды Polisia.kz. Үшарал ауылы маңында патрульдік полиция экипажы жол жиегінде тоқтап тұрған көлікті байқап, тексерді. Көліктің мемлекеттік нөмірі Қытай Халық Республикасына тиесілі болды.
Ерлі-зайыптылар — Қытай Халық Республикасының азаматтары, олар Семей өңірінен Алматыға бағыт алған. Анықталғандай, көліктің дөңгелегі жарамсыз болып, жақын маңда көмек көрсету мүмкіндігі болмаған. Патрульдік полиция инспекторлары Азамат Алмасұлы мен Рымжан Кервен дөңгелекті ауыстырып, көлікті жақын маңдағы шиномонтажға жеткізді. Осылайша, полицейлер шетелдік азаматтарға көмектесіп, олардың алғысын алды.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Шымкент қаласы: Абай АПБ тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы бойынша енгізілген жаңа заңнамалар туралы ақпараттық материалдарды тұрғындар арасында таратылды

AdiletTV

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ ЦИФРЛЫҚ БАҒЫТТЫҢ БАСТАУЫ

AdiletTV

Мемлекет басшысы Теңізге шығар жолы жоқ дамушы елдерге арналған Біріккен Ұлттар Ұйымының үшінші конференциясында сөз сөйледі

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз