adilettv

ШЫМКЕНТ МАКРОЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСІМ БОЙЫНША РЕСПУБЛИКАДА ЕКІНШІ ОРЫНҒА ШЫҚТЫ

ШЫМКЕНТ МАКРОЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСІМ БОЙЫНША РЕСПУБЛИКАДА ЕКІНШІ ОРЫНҒА ШЫҚТЫ

2025 жылдың қаңтар–қазанында Шымкенттің макроэкономикалық өсімі 14,8 %-ға жетті. Бұл көрсеткіш қала үшін өте жоғары және қаланы республика өңірлерінің арасында Алматыдан кейінгі екінші орында орналастырды
Бұл туралы Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында баяндады.

🔷 Макроэкономикалық көрсеткіштер бойынша биылғы 10 айда Шымкент қаласы экономикасының өсімі 14,8 пайызды құрап, республика бойынша алдыңғы қатардан көрінді. Атап айтқанда Шымкент 114,8% көрсеткішпен Астана қаласынан кейінгі (119,7%) екінші орынға тұрақтады.

🔷 – Оның ішінде сауда көлемі – 24,6 пайызға, байланыс – 18,3, өнеркәсіп өнімі – 14,7 пайызға, құрылыс жұмыстары – 7, инвестиция көлемі 4,7 пайызға өсіп, 982 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Мегаполис экономикасы өсімінің драйвері ретінде өңдеу өнеркәсібін дамыту – негізгі міндетіміз болып табылады, – деді Ғабит Сыздықбеков.

🔷 Бүгінде өңдеу өнеркәсібінде өндірілген өнім көлемі 2024 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 16,5 пайызға өскен. Соңғы 3 жылда өнеркәсіп саласында құны 150 млрд теңгені құрайтын 40 жоба іске қосылып, 2,5 мыңнан астам жұмыс орны ашылды.
Бұл көрсеткіштер Шымкенттің экономикалық белсенділігінің жоғары екенін көрсетеді — сауда, өнеркәсіп және тұрғын үй құрылысы секілді негізгі салаларда ел ішіндегі орташа деңгейден жоғары өсім бар.
Шымкент қаласы 2025 жылы макроэкономикалық көрсеткіштер бойынша республикалық рейтингте екінші орынға шықты.
Бұл оның:
• экономикалық өсімінің жоғары деңгейі,
• инвестицияларды тарту қабілеті,
• өнеркәсіп пен саудадағы белсенділігі сияқты факторларымен түсіндіріледі.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ШЫМКЕНТ: аппарат басшысы тағайындалды

Шымкентте ұлттық бұйымдар насихатталды!

AdiletTV

SHYMKENT NOMAD FILM FESTIVAL: ЖАС КИНОГЕРЛЕРДІҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БӘЙГЕСІ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз