adilettv

ӨҢДЕУ ӨНЕРКӘСІБІН ДАМЫТУ: ЖАҢА ӨНДІРІСТЕР МЕН ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРДЫ ІСКЕ АСЫРУ

Өңдеу өнеркәсібі – экономиканың тұрақты дамуын қамтамасыз ететін, қосылған құны жоғары өнім өндіруге бағытталған маңызды сала. Осы бағытта өңірде өнеркәсіптік әлеуетті арттыру, инвестиция тарту және жаңа жұмыс орындарын құру мақсатында жүйелі жұмыстар атқарылуда. Соңғы жылдары іске асырылып жатқан ірі инвестициялық жобалар өңдеу өнеркәсібінің қарқынды дамуына тың серпін беріп отыр.

Атап айтқанда, құны 7,8 млрд теңгені құрайтын «Sauran Bricks» компаниясының автоклавты газдалған бетон өндіретін зауыты іске қосылды. Бұл жоба заманауи құрылыс материалдарына деген сұранысты толық қамтамасыз етуге бағытталған. Кәсіпорынның жылдық өндірістік қуаты 300 мың текше метр газдалған бетонды құрайды. Өндірісте заманауи технологиялар қолданылып, өнімнің сапасы халықаралық стандарттарға сай шығарылады. Жобаны жүзеге асыру нәтижесінде 100-ге жуық тұрақты жұмыс орны ашылып, жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамту деңгейі артты.

Сонымен қатар, өңдеу өнеркәсібін одан әрі дамыту мақсатында қазіргі таңда 2 жаңа өндірістік аймақ құру және қолданыстағы 3 өндірістік аймақты кеңейту бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Аталған өндірістік аймақтарда жалпы құны 900 млрд теңгені құрайтын 300-ге жуық инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланып отыр. Бұл жобалар металл өңдеу, құрылыс материалдары, химия, тамақ өнеркәсібі және логистика салаларын қамтиды. Нәтижесінде 13 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылып, өңір экономикасының әртараптануына айтарлықтай үлес қосылады.

Бұдан бөлек, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Шымкент қаласында оңтүстік өңір үшін барлық тауарларды қабылдап, сақтап және жеткізуге қолайлы логистикалық «Өңірлік хаб» құру бағытында жұмыстар жүргізілуде. Осы мақсатта қолданыстағы Сауда-логистикалық орталығын кеңейту жобасы жүзеге асырылуда. Аталған жоба өңірдің транзиттік және логистикалық әлеуетін арттырып қана қоймай, ішкі және сыртқы нарықтармен байланысты нығайтуға мүмкіндік береді.

Жалпы алғанда, өңдеу өнеркәсібін дамытуға бағытталған бұл жобалар өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына оң әсерін тигізіп, инвестициялық тартымдылығын арттыруға, кәсіпкерлікті қолдауға және халықтың әл-ауқатын жақсартуға негіз болады.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

СОХРАНЕНИЕ И ПОПУЛЯРИЗАЦИЯ НАЦИОНАЛЬНЫХ ЦЕННОСТЕЙ МИРОВОМУ СООБЩЕСТУ

AdiletTV

Сельское хозяйство и инвестиционная инфраструктура: показатели развития Шымкента в 2024–2025 годах

AdiletTV

74 ЖАСТАҒЫ ҚАРИЯ КӨШЕДЕ АШЫҚ ЖАТҚАН ШҰҢҚЫРҒА ТҮСІП КЕТКЕН

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз