adilettv

ШЫМКЕНТТЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫ ДАМЫТУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫН АЛДЫ

Шымкент қаласы еліміздің үшінші мегаполисі ретінде әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан қарқынды дамып келеді. Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау аясында қалада тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған кешенді жұмыстар жүйелі түрде жүзеге асырылуда. Соның ішінде экологиялық инфрақұрылымды дамыту, жасыл желек көлемін ұлғайту, қоғамдық кеңістіктерді абаттандыру және санитарлық тазалықты күшейту қала дамуының негізгі басым бағыттарының біріне айналды.

2024–2025 жылдары көгалдандыру саласында бірқатар ауқымды жобалар іске асырылды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасының басшысы Оңғар Әбілқайыр мәлімдеді. Оның айтуынша, 2025 жылдың 11 айында атқарылған жұмыстар қаланың экологиялық ахуалын жақсартуға және тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыруға бағытталған.

Биыл жалпы ұзындығы 54 шақырымды қамтитын 25 көше бойына 500 мың шаршы метр жаңа газон төселіп, автоматтандырылған суару жүйелері орнатылды. Бұл жасыл аймақтарды күтіп-ұстаудың тиімділігін арттырып, су ресурстарын үнемдеуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, қала аумағында 14 500-ден астам бұта отырғызылып, жасыл желектерді тұрақты суаруды қамтамасыз ету үшін 33 су ұңғымасы бұрғыланды. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында қосымша 18,4 мың шаршы метр аумақта көгалдандыру жұмыстары жүргізілді.

Көктемгі маусымда қала көркін арттыру мақсатында көшелерге 1,6 миллион түп қызғалдақ егілді. Бұдан бөлек, 58 нысан аумағына 1,1 миллион гүл, ал парктер мен гүлзарларға 150 мыңнан астам біржылдық гүл отырғызылды. Бюджет қаражатын тиімді пайдалану үшін жылына 1,6 миллион түп гүл өндіретін жылыжай кешенін іске қосу жоспарланып отыр.

Қала аумағын көпжылдық өсімдіктермен толықтыру жұмыстары да жүйелі түрде жүргізілуде. Атап айтқанда, лаванда, можжевельник, спирея, раушан, аннабель секілді сәндік өсімдіктердің 22 мың данасын отырғызу жоспарланған. 2025 жылы қала бойынша 152 мың түп ағаш егілді. Ал 2026 жылы көгалдандыру жұмыстары жалғасын тауып, 32 көшеге бұталар отырғызу, жаңадан салынған 6 көшені толық көгалдандыру, 4 мың түп ағаш егу, 16 су ұңғымасын бұрғылау және қала орталығында тік көгалдандыру жүйесін енгізу көзделіп отыр.

Жалпы, атқарылып жатқан бұл жұмыстар Шымкент қаласының экологиялық жағдайын жақсартуға, тұрғындарға жайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыруға және қаланың тұрақты дамуын қамтамасыз етуге бағытталған.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ШЫМКЕНТ: В ИНДУСТРИАЛЬНЫХ ЗОНАХ РЕАЛИЗУЮТСЯ НОВЫЕ ТЕХНОЛОГИЧЕСКИЕ ПРОЕКТЫ

AdiletTV

Шымкент қаласы; Өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда шахардың жалпы ішкі өнімі 1,2 трлн теңгеге жетті.

AdiletTV

В ШЫМКЕНТЕ ОБНОВЛЕНА СИСТЕМА ДОСТУПНОСТИ ЖИЛЬЯ И УСИЛЕН КОНТРОЛЬ

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз