13.3 C
Shymkent
11 октября, 2026
adilettv

ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫНДА КӨП БАЛАЛЫ АНАЛАР МАРАПАТТАЛДЫ

Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданында көп балалы аналар «Алтын алқа» және «Күміс алқа» төсбелгілеріне ие болды. Қырыққа жуық анаға марапатты аудан әкімінің орынбасары Марат Тәжібаев салтанатты түрде табыстады.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 12 желтоқсандағы №1119 Жарлығына сәйкес 11 анаға – «Алтын алқа», 27 анаға «Күміс алқа» табыс етілді.
Қазіргі таңда Әл-Фараби ауданында 486 ана – «Алтын алқа», 1 827 ана «Күміс алқа» иегері болып отыр.
Жауапты мамандар ұрпақ тәрбиелеп, елдің демографиялық өсіміне зор үлес қосып жүрген аналарға ізгі тілектерін арнады, асыл жандардың әрдайым құрметке лайық екенін жеткізді.
Айта кетейік, Шымкент қаласында 39 мыңнан астам көп балалы ана тұрады. Төрт мыңға жуық ана «Алтын алқа» иегері болса, 12 мыңға жуық ана «Күміс алқа» тағынған.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Шымкент қаласы: «Жастар арасында заң талаптары, құқық бұзушылық, нашақорлыққа жол бермеу, құмар ойындарының алдын-алу бойынша жиын өтті

Admin

Қазақстан уақыт жағынан Мальдив пен Амстердаммен тең болады

admin

Шымкент қаласы: Еңбек адамы-ПД ЖПҚ Патрульдік полиция полкінің қызмет инспекторы полиция аға лейтенанты Акпанбетов Ермек

Admin

Пікір қалдырыңыз