30.3 C
Shymkent
2 июня, 2026
adilettv

«20 МИЛЛИОН ТЕҢГЕГЕ КРЕСЛО САТЫП АЛҒАН»

Қаржы мониторинг агенттігі М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде бюджет қаражатын жымқыру дерегі бойынша тергеуді аяқтады. Күдіктілер қатарында бұрынғы бірінші проректор, қаржы және әкімшілік департаменттердің директорлары, қойма меңгерушісі мен мердігер ұйым басшылары бар.
Тергеу дерегінше, тауарлар жеткізілмей немесе жасанды түрде қымбат бағамен алынған. Ал күдіктілер жалған мемлекеттік сатып алу шарттарын жасаған. Кейін жеке кәсіпкерлер мен коммерциялық ұйымдардың шотына аударылған қаржынын қолма-қол ақшаға айналдырып, өзара бөліскен.
Осы схема аясында олар 200 мың теңгеден аспайтын бір креслоны 20 миллион теңгеге сатып алған. Нәтижесінде мемлекетке 321 миллион теңге көлемінде залал келтірілген. Тергеу барысында күдіктілер 264 миллион теңгені ерікті түрде өтеді.
Соттың санкциясымен олардың мүлкіне: 4 тұрғын үйге, 1 автокөлікке және банктік шоттардағы 40 миллион теңге көлеміндегі қаржыға тыйым салынды.
Қылмыстық іс сотқа жолданды.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

БІРЛЕСКЕН МЕМОРАНДУМ ТҮЗДІ

AdiletTV

ӘР МИНУТ МАҢЫЗДЫ: СЕМЕЙДІҢ ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ ҚЫЗМЕТІ ЖАҢА КӨЛІКТЕРМЕН ТОЛЫҚТЫ

AdiletTV

ҰҚК ҚЫЛМЫС ӘЛЕМІНІҢ СЕРКЕСІ: «КРОПАЛЬ» ҰЙЫМДАСҚАН ҚЫЛМЫС ТОБЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ ДЕГЕН КҮДІКТІНІ ҰСТАДЫ

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз