3.3 C
Shymkent
14 марта, 2026
adilettv

КІШІ АРАЛДЫҢ ҚАЛПЫНА КЕЛУІ БҮКІЛ СЫР ӨҢІРІН ОДАН ӘРІ КӨРКЕЙТЕДІ.

Бұл туралы Ұлттық құрылтайдың Ѵ отырысында Мемлекет басшысы Қасым- Жомарт Тоқаев мәлім етті.
— Біз су мәселесімен жүйелі айналысуымыз керек. Мен былтыр БҰҰ аясында Халықаралық су ұйымын құруды ұсындым. БҰҰ-ны реформалау барысында осы мәселені алға қарай жылжытуымыз қажет. Алдағы сәуірде Астанада Халықаралық экология саммиті өтеді. Жиында Аралды құтқару қорына мүше мемлекеттер басшыларымен Арал мәселесін талқылаймыз,- деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Осы орайда Мемлекет басшысы Кіші Аралдың қалпына келуі бүкіл Сыр өңірін одан әрі көркейтуге жол ашатынын айтты. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев, «-Кіші Аралдың суының көлемін айтарлықтай көбейтуге мүмкіндік болады. Бірақ, бұл тек біздің қолымызда тұрған мәселе емес. Қазақстандағы ірі өзендердің көбі бастауын көрші елдерден алады. Дарияның басында тұрған елдердің су саясатына байланысты Сырдың суы теңізге әр кезде әртүрлі көлемде жетеді. Көптеген түйткілді шешу шебер дипломатияға байланысты. Қазір Орталық Азия елдерінің бәрімен су ресурстарын бірлесе пайдалану туралы келісімдер жасалды. Түптеп келгенде Арал ғана емес, Каспийдің, Балқаштың, Ертістің тағдырын шешу үшін көршілермен мәмілеге келіп, келісімдерге қол қоюымыз қажет. Су еліміз үшін стратегиялық ресурс»
Айта кетейік, Ұлттық құрылтайдың алғашқы отырысы 2022 жылы Ұлытауда өтті. Мұнан соң 2023 жылы Түркістанда, 2024 жылы Атырауда, 2025 жылы Бурабайда өткен болатын.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Шымкент ҮШІНШІ МЕГА ҚАЛА КЕЛДІ

«Игі істер марафоны» жобасы 1 наурыздан бастап жалғасады

AdiletTV

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ АҚШ ПРЕЗИДЕНТІ ДОНАЛЬД ТРАМПТЫҢ БАСТАМАСЫМЕН ҚҰРЫЛҒАН БЕЙБІТШІЛІК КЕҢЕСІНІҢ ЖАРҒЫСЫНА ҚОЛ ҚОЙДЫ

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз