adilettv

ШЫМКЕНТТЕ КӨРКЕМ ГИМНАСТИКАДАН ФЕДЕРАЦИЯ КУБОГЫ ӨТТІ

20–21 қаңтар күндері Шымкент қаласында көркем гимнастикадан Федерация кубогы өтті. Аталған жарысқа қаладағы жетекші спортшылар қатысып, өзара мықтыны анықтады. Жарыс нәтижесінде көркем гимнастикадан Қазақстан Республикасының чемпионаттарына қатысатын Шымкент қаласының құрама командасының құрамы бекітілді.
Атап айтқанда, спортшылар МС (спорт шебері), КМС (спорт шеберіне кандидат) бағдарламалары бойынша 2–8 ақпан аралығында Шымкент қаласында өтетін Қазақстан Республикасының чемпионатына, сондай-ақ 1-разряд бағдарламасы бойынша 17–22 ақпан күндері Өскемен қаласында ұйымдастырылатын ел чемпионатына қатысады.
Аталған жарыстарда шымкенттік гимнастшылар қаланың және өңірдің намысын қорғап, жоғары нәтижелер көрсетуге ниетті.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Қазақстандықтарға 555 млрд теңгеге астам сомада мүгедектігі және асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдер төленді

Admin

ХАН ТВ телеарнасының редакциясына ардагер педагог, Шымкент қаласының қоғамдық өміріне белсене араласып жүрген азамат және Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі жанындағы қоғамдық кеңесінің мүшесі Өмір Шыныбекұлы келіп, өз үндеуін жариялауды сұрады

Admin

ЕСІРТКІ САУДАСЫМЕН АЙНАЛЫСҚАН ИНТЕРНЕТ-ДҮКЕН ИЕСІ ҰСТАЛДЫ

Admin

Пікір қалдырыңыз