11.3 C
Shymkent
25 октября, 2026
adilettv

ӘСКЕР ӨЛІМІ: ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА ТАҒЫ БІР САРБАЗ КӨЗ ЖҰМДЫ

27 қаңтарда Жамбыл облысында қаруды ұстау кезінде жарақат алған мерзімді қызметтегі сарбаз көз жұмды.
Бас прокуратураның мәліметінше, аталған факт бойынша ІІМ әскери-тергеу органдары сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастаған.
«Жедел-тергеу тобы құрылып, тергеу барысы Бас прокурордың жеке бақылауында. Оқиғаның алдындағы мән-жайларды объективті және жан-жақты (комиссиялық) анықтау мақсатында қорғаныс министрінің орынбасары, бас әскери прокурор және ІІМ әскери-тергеу департаментінің бастығы оқиға орнына шықты», – делінген Бас прокуратура таратқан ақпаратта.
Сонымен қатар, бұл топтың алдына еліміздің тиісті әскери бөлімдерінде әскери тәртіптің сақталуы мен жеке құрамның қауіпсіздік талаптарының сақталуына жан-жақты тексеруді ұйымдастыру тапсырылған.
Бұдан бөлек, әскери қызметшілердің өмірі мен денсаулығын сақтау, мерзімді қызметті өткеру қауіпсіздігі мәселелері жақын арада Бас прокуратураның арнайы алқа мәжілісінде қаралады.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Город Шымкент: С начала года на мопеде погибло около 200 человек.

Admin

АНИПА НАЗАРБАЕВАНЫҢ КОМПАНИЯСЫ МЕМЛЕКЕТКЕ ҚАНША САЛЫҚ ҚАРЫЗ

Admin

ӘСКЕРДЕН ЖАЛТАРҒАНДАР ЖАУАПКЕРШІЛІККЕ ТАРТЫЛАДЫ⁣⁣

Admin

Пікір қалдырыңыз