26.2 C
Shymkent
13 июля, 2026
adilettv

ШЫМКЕНТТЕ БІЛІМ САЛАСЫНЫҢ АШЫҚТЫҒЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУГЕ АРНАЛҒАН QARQYN ЖҮЙЕСІ ЕНГІЗІЛДІ

Шымкент қаласының әкімдігі білім сапасын арттыру мақсатында қаладағы білім беру ұйымдарының қызметін толықтай цифрландыру бағытында жүйелі жұмыс жүргізуде. Осы мақсатта ашықтықты қамтамасыз ету және жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу үшін барлық қаржыландыру процесін бақылауға мүмкіндік беретін QARQYN бірыңғай интеграциялық жүйесі енгізілді.
Бұл жүйе мектепке дейінгі, қосымша, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру салаларын, сондай-ақ, инклюзия, кадр, қаржы, бухгалтерия және құжат айналымын толық қамтиды және Kundelik, 1С, Balabaqsha, Qosymsha, Pana, Smartnation, Sana тарификациялық базасы сияқты негізгі ақпараттық платформалармен біріктірілген және ақпараттық қауіпсіздік талаптарына толық сәйкес келеді.
Қазіргі таңда педагогтерді жұмысқа қабылдауда ашықтық пен әділдікті қамтамасыз ету, жемқорлық тәуекелдерін азайту және кадрларды кәсіби деңгейіне сай іріктеу мақсатында орталықтандырылған конкурстық жүйені енгізілді.
29-30 қаңтар күндері «Көрме» орталығында сағат 09:00-ден 16:00-ге дейін бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді. Іс-шарада педагог мәртебесі бар мамандарға конкурс бойынша, құжаттарды рәсімдеу және оларды электронды платформаға жүктеу тәртібі жөнінде кеңес беріледі.
Сонымен қатар, 200-ге жуық тәжірибелі педагог пен ардагер ұстаздан құралған арнайы комиссия жұмыс істейді. Жалпы, конкурстардың өту барысы Шымкент қаласы әкімінің тікелей бақылауында болады.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚАСЫМ- ЖОМАРТ ТОҚАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫН РАМАЗАН АЙЫНЫҢ БАСТАЛУЫМЕН ҚҰТТЫҚТАУЫ

AdiletTV

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ АЗАМАТТАРДЫ ЖЕКЕ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ҚАБЫЛДАДЫ

AdiletTV

ТҮРКІСТАНДА ӘКЕСІН АЗАПТАҒАН ЕР АДАМ 5 ЖЫЛҒА СОТТАЛДЫ

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз